Басшылық
Құрманов Жанат Бостанұлы
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы. «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 22.02.1962
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма төрағасының функциялары:
- Қордың жалғыз акционері мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кірмейтін барлық мәселе бойынша Қор қызметін жалпы басқаруды және бақылауды жүзеге асырады.
- 2019 жылы 31 мамырда атқарушы орган өкілі ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (20.07.2020 жылы қайта сайланды).
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарады.
- «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің құрамына кіреді.
Өмірбаяны
Егеубаева Сәуле Асқарқызы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Туған күні: 06.05.1977
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма Төрағасы орынбасарының функциялары:
- Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі саласындағы актуарлық зерттеулер және Қордың дамуы мен стратегиялық талдау;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі мен өзектілігін қамтамасыз ету;
- тәуекелдерге бейімділігін ескеріп, инвестициялар портфелін сараптау;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қор қызметі, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Төлегенова Жанар Қорғанбекқызы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Туған күні: 12.05.1978
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма Төрағасы орынбасарының функциялары:
- зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару бойынша, сондай-ақ жеке тұлғаларға шартты зейнетақы міндеттемелерін төлеу, нысаналы жинақтарды төлеу бойынша операциялық жұмыстар, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымдармен қарым-қатынас жасау;
- меншікті активтер бойынша бухгалтерлік есепке алу және есептілік жұмыстарын үйлестіру;
- зейнетақы активтерін, нысаналы активтерді және нысаналы жинақтарды бухгалтерлік есепке алу және есептілік;
- ағымдағы шоттар бойынша операцияларды есепке алу және бақылау;
- жеке зейнетақы шоттарындағы, шартты зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері бойынша, нысаналы жинақтаушы шоттардағы нысаналы активтер мен нысаналы жинақтар бойынша операциялық жұмыс пен есеп айырысу операцияларын қамтамасыз ету;
-
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Өмірбаяны
Медеу Еділ Ахметқалұлы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Туған күні: 30.01.1988
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма Төрағасы орынбасарының функциялары:
- Қордың меншікті активтерін инвестициялау, Қордың зейнетақы және меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді талдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Қорды цифрландыру және цифрлық технологияларды дамытудың стратегиялық басымдықтарын айқындау;
- цифрлық жүйелерді дамыту және процестерді автоматтандыру саласындағы негізгі бастамалар мен жобаларды іске асыруды үйлестіру;
- Қордың стратегиялық мақсаттарына сәйкес АТ-архитектурасы мен технологиялық инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Өмірбаяны
Шарипов Мурат Турсынович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.
Туған күні: 23.05.1974
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарманың Төрағасы орынбасарының функциялары:
Мынадай мәселелер жөнідегі жұмысқа жалпы басшылық, үйлестіру және бақылау жүргізеді:
- өңірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету;
- қашықтан кеңес беру қызметін көрсету;
- Қор филиалдарының қызметін жалпы үйлестіру;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау.
Өмірбаяны
Мухатов Арман Тимурович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының мүшесі, Басқарушы директор
Туған күні: 24.09.1970
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың функциялары:
- Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының арнайы нормалары қолданылмай жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басқа сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- Қордың әкімшілік-шаруашылық қызметі;
- Қор бюджетін құру (жоспарлау) және оның орындалуын бақылау;
- кірістер мен шығыстар (бюджет) сметасын жоспарлау, орындау және бақылау бөлігінде Қор қызметінің қаржылық-экономикалық талдауын жүзеге асыру;
- өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Өмірбаяны
Бозжанов Нурсеит Сеилович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры
Туған күні: 03.02.1972
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың функциялары:
- Қордың цифрлық жүйелерін жұмыс істету мен дамыту;
- жаңа цифрлық жүйелер енгізу;
- цифрлық жүйелердің мақсатты архитектурасын қолдау үшін оңтайлы технологиялық шешімдер таңдау;
- Қордың цифрлық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- АТ инфрақұрылымын дамыту және ұйымдастыру;
-
өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Бактыбаев Назым Абдухалимович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры
Туған күні: 19.01.1984
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың қызметі:
- Қордың құжатайналымы мен мұрағатын жүргізу;
- Қордың қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
- Проблемалық активтермен жұмыс жасау;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.