Филиалды таңдаңыз:
«БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) бір үрдіске біріктірілген өзара байланысты элементтерден тұрады. ТБЖ шеңберінде Қордың басшылығы мен қызметкерлері әрқайсысы өз деңгейінде Қордың қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді анықтауға, сондай-ақ тәуекелдің қолайлы деңгейі шеңберінде осы оқиғаларды басқаруға қатысады. ТБЖ Қордың атқарушы органы мен басқару органын тәуекелдер және оларды азайту жөніндегі шешімдер туралы уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ететін үрдістер мен рәсімдер жүйесін қамтиды.
ТБЖ енгізу және оны жетілдіру Қордың стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады.
Қорда тәуекелдерді басқарудың негізгі бағыттары қарастырылған.
Қор өз қызметінде операциялық тәуекелдерге ұшырайды. Қаржылық емес тәуекелдер елеулі шығындар мен теріс шығындарға, оның ішінде Қордың беделіне елеулі қауіп төндіреді.
Операциялық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Қор Қордың бизнес-үрдістерінің реинжинирингі жолымен бизнес-үрдістерді оңтайландыру, ішкі нормативтік құжаттар базасын өзектендіру және қайталауды болдырмай басқарушылық есептілік ағынын жүйелеу бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Операциялық тәуекелдерді басқару үрдісінде Қор өз қызметінде басқарудың түрлі құралдарын қолданады:
Операциялық тәуекелдерді тұтас және жан-жақты басқаруды қамтамасыз ету үшін операциялық тәуекелдерді басқару құралдары кешенді және өзара байланысты түрде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұлғасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы зейнетақы активтерінің портфелі бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Алайда сыртқы аудиторлық компаниямен расталатын және ішкі пайдалану үшін жылдық қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында Қор меншікті және зейнетақы активтері портфельдерінің қаржылық тәуекелдерге ұшырағыштығына жалпы бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.
Қордың стратегиялық және бизнес мақсаттарына қол жеткізуге елеулі әсер етуі мүмкін барлық негізгі тәуекелдер (стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық және комплаенс тәуекелдер және өзге) Қордың тәуекелдер тіркелімінде жинақталған. Мұндай Тәуекелдер тіркелімі Қор қызметінің барлық бағыттарында негізгі тәуекелдердің әсер ету мөлшері мен туындау ықтималдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Тәуекелдер тіркелімі Қор басшылығына ағымдағы тәуекелдер профилін ескере отырып, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қор қызметінің үздіксіздігін басқару үрдісі БЖЗҚ-ның негізгі және мүдделі тараптарының мүдделерін сақтауға және Қордың беделін сақтауға кепілдік беретін негіз жасайды. Қор қызметінің үздіксіздігін басқару үрдісі төтенше/дағдарыстық жағдайлардан туындайтын операциялық, қаржылық, құқықтық, бедел тәуекелдерін және басқа да қаржылық салдарларды барынша азайту мақсатында ұйымдастырылған және ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздіктің сенімді инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қысқа мерзімде қызметтің үздіксіздігі циклына уақтылы назар аудару және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды көздейді.
Қор қызметінің үздіксіздігін басқару үрдісінің тиімділігі ретінде коронавирустық инфекция (COVID-19) пандемиясымен байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу кезеңіндегі Қордың бір күнге де тоқтатылмаған жұмысы мысал бола алады.
Ішкі бақылау жүйесі зейнетақы жинақтары мен төлемдерінің жеке есебін жүргізудің сенімділігін, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету үшін, активтердің, ақпараттың сақталуын және Қор ресурстарының тиімді нысаналы пайдаланылуын және ҚР зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, сондай-ақ Қордың ішкі қағидаларының сақталуына, залалдар тәуекелінің немесе беделдік залалдың төмендеуіне ықпал ететін қаржылық, реттеушілік және басқарушылық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаттарының, үрдістері мен рәсімдерінің жиынтығын қамтиды.
Қорда тәуекел-мәдениетін жетілдіру тұрақты негізде жүзеге асырылады. Қордың мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін барлық елеулі оқиғалар Тәуекел комитетінің отырыстарында алқалы түрде қаралады. Жұмысқа қабылдау кезінде барлық қызметкерлер Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау корпоративтік жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарымен танысады. Қордың барлық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту үздіксіз, оның ішінде тәуекел-менеджмент мәселелері бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ қызметкерлер халықаралық танылған стандарттар мен осы салалардағы ең үздік тәжірибелерге сәйкес Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қолдау мақсатында тәуекел-менеджмент, ішкі аудит, қаржылық талдау саласында кәсіби сертификаттаудан өтеді.
Қор өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыратынын ескере отырып, тәуекелдерді басқару жүйесі және Қордың ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 76 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына (30.03.2020 ж. өзгерістермен) сәйкес қалыптастырылады.
«БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі ережелері мен қағидаттары Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №3 хаттамасымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару саясатында (12.06.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) қарастырылған.