Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-әрекет бойынша белсенді шаралар қолданады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 28.10.2022 ж. №10 шешімімен «БЖЗҚ» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін атқаратын құрылымдық бөлімше болып табылатын «БЖЗҚ» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс басқармасы құрылды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес, Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық пен «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің Корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзуы орын алған немесе болжанған кез келген фактілері туралы ақпаратты келесі арналар мен байланыс құралдары арқылы хабарлай аласыз:

  • Электрондық пошта:  anticor@enpf.kz
  • Пошта мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A25C9X9, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 ықшамауданы, №97 үй, №13 тұрғын емес үй-жай
  • Байланыс орталығының телефоны: 1418
  • Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша жедел желі: 8 800 080 11 77 (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін)


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

«БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын жария талқылау»


Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын шаралар ашықтығы кағидатын басшылыққа ала отырып, «БЖЗҚ» АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) жария талқылауды жариялайды.
Қазір Қорда Директорлар кеңесінің 26.06.2024 ж. №11 шешімімен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілген, оны төмендегілердің соңғы өзгерістеріне сәйкестендіру қажет:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ-ға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру әдістемесінің негізінде көпшіліктің қатысуымен әзірленеді, құқық қолдану тәжірибесінде ескеріледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері ескеріліп өзектендірілуі тиіс деген бөлікте сәйкестендіру қажет. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа «мемлекеттік функцияларды орындауға өкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адаммен байланысты басқалар» ұғымын енгізу қажет (бұл жаңалық 01.01.2027ж. бастап қолданысқа енгізіледі);
  2. 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясына «адами қадір-қасиет» сөздерін «ар-намыс пен қадір-қасиет» сөздеріне ауыстыру бөлігінде сәйкестендіру қажет;
  3. 2026 жылғы 9 қаңтардағы №255-VIII Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне «ақпараттық қамтамасыз ету» сөздерін «цифрлық қамтамасыз ету» сөздеріне ауыстыру бөлігінде сәйкестендіру қажет.

«БЖЗҚ» АҚ талаптарына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгерістер/толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, ол жаңа редакцияда жазылады. Жоғарыда аталған өзгерістердің барлығы мәтінде қою қаріппен көрсетілген.
Қалған бөлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мәтіні өзгермейді.

Құжат мәтіні: «БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты.pdf
Жария талқылау: 18.08.2026ж. дейін (қоса алғанда).
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді төмендегі байланыс арналары арқылы жолдай аласыз:

  • пошта мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A25C9X9, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 ықшамауданы, №97 үй, №13 тұрғын емес үй-жай;
  • eOtinish арқылы;
  • «Бізге жазыңыз» қызметі;
  • электрондық пошта: anticor@enpf.kz;
  • Байланыс орталығы: 1418.