Филиалды таңдаңыз:
Қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету.
БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы.
Сенімділік
Қор қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған аяда жүзеге асырады.
Ашықтық
Қор корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауды мақсат тұтады, салымшылардың шоттарының жай-күйі мен өзінің ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мәліметтерді ашық ақпарат көздерінде әрдайым жариялап отырады.
Тұтынушыны бағдар тұту
БЖЗҚ клиенттерінің мүддесі аса маңызды, Қор зейнетақы қызметтерінің ҚР-ның кез келген жерінде, сондай-ақ шетелде қолжетімді, түсінікті болуы әрі тұтынушылардың сенімінен шығуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды.
Үнемі алға ұмтылу және өзін-өзі жетілдіру
Қор қызметкерлерінің құрамы үнемі ізденіс үстінде және уақыт талғамы мен талабына дайын болу үшін білім мен кәсіби машықтың жаңа амал-тәсілдерін қолданады.
Жауапкершілік
БЖЗҚ басшылығы мен қызметкерлері салымшылар және зейнетақы жинақтарын алушылар алдында Қор қызметін үнемі жетілдіріп отыруға, ресурстарды үнемді әрі ұтымды пайдалануға жауапты.
Үздік тәжірибе стандарттарына сәйкес сапалы қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы халқының зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін дамыту
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру