Logo
Мазмұнға оралу
Выпуск №37 (2025)

Еліміздің еңселі заңына – 30 жыл!

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Ол – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің құқықтық негіздерін айшықтаған маңызды мемлекеттік мереке. Бұл күн 1995 жылы Қазақстанның негізгі заңдық нормасын қабылдау құрметіне белгіленді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік құрылымның негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының жұмыс істеу тетіктерін айқындайтын жоғары заң. Конституцияны қабылдау Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды қадам болды.

ҚР Конституциясы негізгі құжат бола отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жүйесін қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру қағидаттарын да айқындайды. Конституция Қазақстанды ең жоғары құндылықтары адам болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде белгілейді. Ата заң өмір сүру құқығына, жеке бас бостандығына, жеке өмірге қол сұғудың болмауына, еңбек жағдайлары мен бостандығына, демалу құқығы мен меншік құқығына және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ететін басқа да құқықтарға және өз қабілеттерін жүзеге асыруға, азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – отандастарымыздың әділ және өркениетті елде өмір сүруге деген бірлескен ұмтылысын білдіретін маңызды мереке.