Бос жұмыс орындары
БЖЗҚ ортақ болашағымызды құра алатын адамдарды іздейді. Сіз сияқты адамдар. Өз идеяларыңызды нақты шешімдерге айналдырыңыз! Біліміңіз бен дағдыларыңызды қолдану мүмкіндігін ашыңыз! Шексіз мүмкіндіктері бар мансапты елестетіп көріңіз!
Біз зейнетақы саласында мансап құрғысы келетін көшбасшылық қабілеті бар адамдарды бағалаймыз.
Үміткерлерен күтілетін сипаттамалар:- жоғары білім;
- жобаны сәтті жүзеге асыру тәжірибесі;
- мықты талдау дағдылары, логикалық ойлау;
- өте жақсы қарым-қатынас дағдылары;
- бейімділік пен икемділік;
- бастамашылдық, ерінбей еңбек етуге дайын болу.
Біздің командада жұмыс істеуге дайын болсаңыз, түйіндемеңізді e-mail: resume@enpf.kz, бос жұмыс орындары бойынша байланыс телефоны: байланыс орталығы 1418.
Ішкі аудит департаменті
Білімі: жоғары экономикалық немесе заңгерлік, немесе техникалық білімі бар.
Жұмыс тәжірибиесі: қаржы қызметтерін ұсыну немесе реттеу бойынша ұйымдарда және/немесе аудиторлық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі – кем дегенде бір жыл немесе үздік дипломы немесе шетелдік білімі бар тұлға тағайындалады.
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
- Ішкі аудит бойынша Қордың ішкі құжаттарына сәйкес Қордың орталық аппараты және филиалдарымен жүзеге асырылатын, қызметті қамтамасыз ету, корпоративтік басқару мәселелерімен байланысты қызмет пен бизнес-үдерістердің аудиторлық тексерулерін жоспарлау бойынша жұмыстарды орындайды;
- бизнес-үдерістерге тиесілі тәуекелдерді анықтайды және бағалайды;
-
өзіне бекітіліп берілген тексерулер мәселесі бойынша аудиторлық тексерулерді сапалы деңгейде және өз уақытында жүзеге асырады;
- жұмыс құжаттамасын өз уақытында және сапалы жасайды, тексерілген мәселелер бойынша аудиторлық дәлелдердің жиынтығын жүзеге асырады, оларды аудиторлық тексеру басшысына ұсынады.
- Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс;
-
Ішкі аудиторлар институты әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарының негіздерін білуі құпталады.
Компьютерде және басқа кеңсе техникасымен, Microsoft Office (Word, Excel), Outlook, бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу: a.abisheva@enpf.kz
Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу басқармасы
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары экономикалық.
Жұмыс тәжірибесі: функционалдық бағыттары бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі немесе үздік дипломы немесе шетелдік білімі бар адам қабылданады.
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
НҚА және ІНҚ айқындаған тәртіппен және мерзімдерде салымшылардың (алушылардың)
зейнетақы жинақтарын төлеуге электрондық хабарламаларды өңдеуді, сондай-ақ автоматты
режимде қалыптастырылған және жөнелтілген Қор жүзеге асырған зейнетақы жинақтарының төлемдері туралы мәліметтерді тексереді және бақылайды; - тұрғын үй жағдайларын
жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында, электрондық хабарламаларды
НҚА мен ІНҚ-да белгіленген тәртіппен және мерзімде өңдеуді, сонымен қатар Қордың
жүзеге асырған нысаналы жинақтар төлемі туралы автоматты түзімде қалыптастырылған
және жіберілген мәліметтерді тексеруді және бақылауды жүзеге асырады;
-
ІНҚ, сондай-ақ басқарманың жұмысына қатысты әдістемелік және нұсқаулық материалдарды, анықтамаларды және өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысады;
-
уәкілетті мемлекеттік органдармен, салымшылармен (алушылармен), өзге де мүдделі
-
тараптармен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасуды жүзеге асырады;
-
Департамент құзыретінің аясында Қорға "Электрондық өтініштер" ақпараттық сараптамалық
-
жүйесі («Е-Өтініш» АЖ) арқылы түсетін өтініштер, хабарламалар, сұраныстар, пікірлер мен ұсыныстарды уақытылы қарастыруды қамтамасыз ету;
-
ай сайын Қордың электрондық құжат айналымы жүйесінде зейнетақы жинақтарының төлемдері жөніндегі деректердің дұрыс дайындалуын және уақтылы жариялануын бақылауды жүзеге асырады.
Қабілеті:
Қызметкер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де НҚА;
- өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін Қордың және тікелей Департаменттің қызметін регламенттейтін ІНҚ талаптарын;
- Қордың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын және Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын;
- компьютерде және басқа да кеңсе техникасымен жұмыс жасау негіздерін; Microsoft Office (Microsoft Word -базалық деңгей, Microsoft Excel -базалық деңгей), Outlook бағдарламалық қамтамасыз етуді білуі тиіс.
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу: a.abisheva@enpf.kz
Актуарлық моделдеу және деректерді талдау бөлімі
Білімі: Жоғары математикалық, экономикалық немесе техникалық
Жұмыс тәжірибесі: Қызметкер лауазымына жоғары математикалық, экономикалық немесе техникалық білімі бар, деректерді талдау және (немесе) статистикалық модельдерді әзірлеу саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі не Қорда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға қабылданады.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
-
Бөлімшенің және Қызметкердің қызметін реттейтін заңнама мен Қордың ішкі нормативтік құжаттарының барлық талабын тиісінше сақтайды;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қордың ішкі нормативтік құжаттарын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, зейнетақы жинақтарының және (немесе) нысаналы жинақтардың (бұдан әрі – жинақтар) және (немесе) шартты зейнетақы шоттарының (бұдан әрі – ШЗШ) жай-күйі туралы ақпаратты, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың), нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе олардың заңды өкілдерінің, нысаналы жинақтарды алушылардың (бұдан әрі – Қор қызметтерін алушылар) және Қор қызметкерлерінің дербес деректерін, Қордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес конфиденциалдыға жатқызылған басқа ақпаратты қорғау және жарияламау мәселелері бойынша сақтайды;
-
Бөлімше құзыретіне жатқызылатын ішкі құжаттарды әзірлеуге/өзектендіруге қатысады;
-
Бөлімше қызметін жоспарлауға және Бөлімше қызметінің нәтижелері бойынша есептерді жасауға, сол сияқты қажет болғанда басқа да есептерді жасауға қатысады;
-
Бөлімнің тәуекел оқиғаларын тіркеуге қатысады;
-
Бөлімге бекітілген сметалық тағайындаулар бойынша бюджет қаражатын (шығыс сметасын) жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізу жұмысына қатысады;
-
тікелей басшының келісімі бойынша Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістерге, жұмыс топтарына қатысады;
-
Бөлімнің бас маманының лауазымын иеленген, уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарады (алмастырады), бұл ретте Қызметкер тиісті құқыққа ие болады және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін дербес жауапты болады;
-
зейнетақы жүйесінің жай-күйін мерзімді талдауды, трендтерді, заңдылықтар мен ауытқуларды анықтау үшін статистикалық әдістерді, машиналық оқытуды және жасанды интеллектті пайдалана отырып есептер дайындауды жүзеге асырады;
-
зейнетақы жинақтарының ақша ағындарын болжау, салымшылардың мінез-құлқын және макроэкономикалық факторлардың әсерін бағалау үшін актуарлық және болжамды модельдерді әзірлеу, жетілдіру және өзекті күйде ұстау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
-
дербестендірілген талдамалық ұсынымдарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау үшін салымшыларға сегменттік талдау жүргізеді;
-
деректерге негізделген аналитика саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді зерттейді;
-
негізгі көрсеткіштерді мониторингілеу және басқару шешімдерін қабылдауды қолдау үшін бақылау тақталары мен визуализацияларды жобалауды және өзектендіруді жүзеге асырады;
-
басшылық үшін талдамалық қорытындылар мен ұсынымдармен деректерге негізделген есептерді дайындауды жүзеге асырады;
-
Басқарма құзыретінің аясында Қорға "Электрондық өтініштер" ақпараттық сараптамалық жүйесі («Е-Өтініш» АЖ) арқылы түсетін өтініштер, хабарламалар, сұраныстар, пікірлер мен ұсыныстарды (бұдан әрі – өтініштер) уақытылы қарастыруды, өтініштерге сай шаралар қолдануды, өтініштерді қарастыру нәтижесі мен қолданылған шаралар туралы немесе өтініштерінің құзыретіне сәйкес басқа субъектілердің қарастыруына жіберілгені туралы өтініш иелерін хабарландыруды қамтамасыз етеді;
-
түскен өтініште шағым белгілерінің болуы туралы тікелей басшысын немесе Бөлімше басшысын дереу хабарландыруды қамтамасыз етеді;
-
тікелей басшының және Бөлімше басшысының тапсырмасымен Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Қабілеті:
Қызметкер лауазымына компьютерде және басқа кеңсе техникасымен Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook – негізгі деңгей), E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу дағдысы бар тұлға қабылданады. Міндетті: деректерді талдау үшін бағдарламалау тілдерімен (мысалы, R, Python) және деректерді визуалдау құралдарымен (Power BI, Qlik, Tableau) жұмыс жасау дағдылары. Құпталады: Машиналық оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі, деректерді талдау бойынша сертификаттардың болуы, мемлекеттік және ағылшын тілін меңгеруі құпталады.
Ақпараттық жүйелер департаменті
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары техникалық білім
Жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 (үш) жыл
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
- 1C бағдарламасын толық меңгеру: Кәсіпорын, 1С ортасында конфигурациялаулы, реттеуді және әзірлеуді қоса алғанда;
- 2.0 және 3.0 редакцияларда "Қазақстанға арналған бухгалтерия" және "Қызметкерлерді басқару жалақысы" конфигурацияларды 1С-пен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі;
- ДОЖ-да (деректерді орналастыру жүйесі) өрнек тілін әзірлеуді және пайдалануды қоса алғанда, 1С кіріктірілген тілін жақсы меңгеру.
Жұмыс дағдылары:
- функционалды әзірлеу және пысықтау үшін 1С платформасының кіріктірілген тілі бойынша терең білімінің болуы;
- деректерді шығарып алу және өңдеу үшін тиімді сауалдарды жаза білу;
- жұмыс қағидаттарын білу және ДОЖ-да есептер әзірлеуді білу;
- «1С:Кәсіпорын» платформасы жұмысының қағидаттарын және олардың нысаналары арасындағы өзара байланыстарды түсіне білу;
- 1С сертификаттарының болуы қосымша артықшылық пен кәсіби біліктілікті растау болып табылады
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу: a.abisheva@enpf.kz.
Ақпараттық жүйелер департаменті
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары техникалық білім
Жұмыс тәжірибесі: Кемінде 2 (екі) жыл
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
-1C бағдарламасын толық меңгеру: Кәсіпорын, 1С ортасында конфигурациялаулы, реттеуді және әзірлеуді қоса алғанда;
- 2.0 және 3.0 редакцияларда "Қазақстанға арналған бухгалтерия" және "Қызметкерлерді басқару жалақысы" конфигурацияларды 1С-пен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі;
- ДОЖ-да (деректерді орналастыру жүйесі) өрнек тілін әзірлеуді және пайдалануды қоса алғанда, 1С кіріктірілген тілін жақсы меңгеру.
Жұмыс дағдылары:
- функционалды әзірлеу және пысықтау үшін 1С платформасының кіріктірілген тілі бойынша терең білімінің болуы;
- деректерді шығарып алу және өңдеу үшін тиімді сауалдарды жаза білу;
- жұмыс қағидаттарын білу және ДОЖ-да есептер әзірлеуді білу;
- «1С:Кәсіпорын» платформасы жұмысының қағидаттарын және олардың нысаналары арасындағы өзара байланыстардын түсіне білу;
- 1С сертификаттарының болуы қосымша артықшылық пен кәсіби біліктілікті растау болып табылады.
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу: a.abisheva@enpf.kz.
Қаржылық тәуекелдер бөлімі
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары экономикалық немесе математикалық, немесе техникалық
Жұмыс тәжірибесі: қаржы ұйымдарында қаржылық тәуекелдерді басқару аясында кемінде 2 (екі) жыл.
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
- қаржылық құралдар бойынша нарықтық, кредиттік тәуекелдерге бағалау жүргізу;
- компанияның қаржылық ахуалын талдау;
- қаржылық тәуекелдердің аспектілері бойынша талдамалық жазбаларды дайындау;
- эмитенттердің кредиттік тәуекелінің ұлғаю белгілерін анықтауға талдау және ХҚЕС 9 стандарына сай бағалы қағаздар бойынша құнсыздануға тест жүргізу;
- инвестициялық комитеттің қарауына инвестициялық мәмілелер бойынша тәуекелдер қорытындысын дайындау.
Жұмыс дағдылары:
- тәуекел менеджмент, экономика және басқару негіздерін, қаржылық тәуекелдерді басқарудың практикалық дағдыларын білу;
- басқарушылық есептілікті жасау, қаржылық талдау жүргізу, Bloomberg-пен жұмыс жасау, инвестициялық (қаржылық) тәуекелдер деңгейін бағалау, өлшеу бойынша есептерді жүргізу дағдылары.
- компьютерде және басқа да кеңсе техникасымен жұмыс жасау дағдылары; бағдарламалық қамтамасыз етулер: Microsoft Office (Word, Excel), E-mail, Internet, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау.
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу: a.ibragimova@enpf.kz
Қашықтан кеңес беру департаменті Байланыс орталығы басқармасы
Білімі: Жоғары экономикалық немесе заңгерлік, немесе техникалық не филологиялық.
Жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз қабылдауға болады.
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
- Кіріс, шығыс қоңырауларды өңдеуді, Басқарманың телефон байланысы желісіне келіп түсетін қоңырауларды қайта бағыттауды жүзеге асырады;
- Қордың Басқармасы бекіткен телефон байланысы және интернет желісі арқылы халыққа кеңес беру және хабардар ету үдерісін регламенттейтін ІНҚ-ға сәйкес телефон байланысы желісі арқылы халыққа кеңес беруді, хабардар етуді жүзеге асырады;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша қоңырауларды қабылдайды және Басқарманың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуінде толтыру үшін нысанда деректерді тіркейді;
- "Битрикс" корпоративтік порталында орналасқан Қордың білім базасын қалыптастыруға қатысады;
- қажет болған жағдайда Қордың мүдделі бөлімшелерінің тапсырысы бойынша телефон байланысы желісі арқылы жаппай шығыс компанияларды жүзеге асырады;
- қажет болған жағдайда Қор тұтынушыларынан келіп түсетін өтініштерді электрондық пошта, Қордың корпоративтік веб-сайтының, ұялы қосымшаның «Бізге жазыңыз» электрондық қызметі және Бұлтты сервис арқылы қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады;
- Қор филиалдарының жауапты қызметкерлерінің ақпараттық-кеңес беру қызметтерді көрсету үдерісі бойынша бақылауды жүзеге асырады.
- Қордың және акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, сондай-ақ өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын білуі тиіс.
- Компьютерде және басқа да кеңсе техникасымен жұмыс істей алу дағдысы болуы тиіс; Microsoft Оffice, Microsoft Word (базалық деңгей) Microsoft Excel (базалық деңгей), Outlook сияқты бағдарламалық қамтамасыз етулерді меңгеруі тиіс.
Мониторинг және аудит әдістемесі бөлімінің бас маманы
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары экономикалық немесе техникалық білім
Негізгі лауазымдық міндеттері: Бас маман келесі міндеттерді орындайды:
1) Ішкі аудит әдістемесін әзірлеу және жетілдіру;
2) Ұсыныстарды орындауды мониторингтеу және бақылау;
3) Ішкі процестер мен процедуралардың тиімділігін бағалау;
4) Аудиторлық процестерді автоматтандыру;
5) Есептілік және аналитика дайындау.
Жұмыс тәжірибиесі: Қаржы қызметтерін ұсыну немесе реттеу бойынша ұйымдарда және/немесе аудиторлық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі – кем дегенде екі жыл болатын тұлға тағайындалады.
Қабілеті: Бас маман:
1) Ағылшын тілін білу.
2) Ішкі аудиттің стандарттарын білу (Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттары), ішкі аудит бойынша сертификация (CIA - Certified Internal Auditor) болуы артықшылығы.
3) Аудит жүргізу үшін ішкі саясаттарды, стандарттарды, процедураларды және нұсқаулықтарды жасау.
4) Аудиторлар берген ұсыныстарды орындауды бақылау процесін басқару.
5) Аудиторлық бағдарламаларды әзірлеу және тексеру басымдықтарын анықтау үшін тәуекелдерді талдау.
6) Аномалиялар мен ауытқуларды анықтау үшін аналитикалық әдістерді сенімді қолдану.
7) Аудитті автоматтандыруды және мамандандырылған аналитикалық құралдарды (SQL және басқа құралдар) түсіну артықшылығы.
8)Деректерді терең талдай білу және заңдылықтарды анықтау.
9) Аналитикалық есептер мен презентацияларды дайындау дағдылары.
10) Процестерді оңтайландыру және тиімсіздікті жою үшін жүйелі ойлау.
11) Microsoft Office және аудит үшін арнайы бағдарламаларды жетік меңгеру.
12) Өз-өзін дамытуға және оқуға ұмтылу.
13) Көп міндеттілік жағдайында жұмыс істеу дағдылары.
14) Қарым-қатынас орнату және кәсіби байланыстарды дамыту қабілеті.
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу:a.abisheva@enpf.kz
«БЖЗҚ» АҚ Алматы қ. филиалының операциялық бөлімі бөлімшесі
Білімі: Жоғарғы экономикалық (құптарлық), немесе заңгерлік.
Жұмыс тәжірибесі:
Лауазымның функционалдық бағыттары бойынша кемінде 1 (бір) жыл немесе үздік бітіргені туралы дипломы немесе шетелдік білімнің болуы.
Қабілеті:
- Қордың және акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын білуі тиіс.
- Компьютерде және басқа да кеңсе техникасымен жұмыс істей алу дағдысы болуы тиіс; Microsoft Оffice (Word – базалық деңгей, Excel – базалық деңгей), Outlook сияқты бағдарламалық қамтамасыз етулерді меңгеруі тиіс.
- Мемлекеттік тілді меңгеруі құпталады.
Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:
1) Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша кеңес береді.
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Қордың ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, зейнетақы жинағын аудару туралы өтініштерін қабылдайды, тексереді, қалыптастырады және тіркейді.
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен Қор салымшысының (алушысының) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер беруді жүзеге асырады.
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Қордың ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіппен Қор салымшысының (алушысының) деректемелеріне өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.
5) Зейнетақы жоспарлау мәселелері бойынша салымшыларға (алушыларға) дербес кеңес беру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
6) Қор қызметі туралы ақпаратты ұсына отырып, Қор салымшыларымен (алушыларымен) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізед.
Байланыстар: +7 (727) 330 98 38 (вн. 727 92) e.axanova@enpf.kz
Жұмыспен қамту түрі: тұрақты
Жұмыс кестесі: толық жұмыс күні
Білімі: жоғары экономикалық, заңгерлік, техникалық немесе социологиялық білімі.
Жұмыс тәжірибесі: лауазымның қызметтік бағыттары бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі немесе үздік бітіргені туралы дипломы немесе шетелдік білімі бар тұлға қабылданады.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
-Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету бөлігінде халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын көтеру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
-қолданыстағы заңнамада және Қордың ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, нысаналы жинақтарды тағайындау туралы, зейнетақы жинағын аудару туралы өтініштерді қабылдайды, тексереді және тіркейді;
-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Қордың ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен Қор қызметтерін алушылардың шоттарынан үзінді көшірмелерді беруді жүзеге асырады;
Кәсіби құзыреті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, сондай-ақ өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары. Кәсіби құзыреті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, сондай-ақ өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары (аудиториямен жұмыс, презентация жасау), коммуникация (соның ішінде жанжалды жағдайларда және қарсылықтармен жұмыс істеу).
Дағдылар: компьютерде және басқа кеңсе техникасымен, бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу дағдылары: Microsoft Office (Word – базалық деңгей, Excel – базалық деңгей), Outlook.
Мемлекеттік тілді меңгерген жөн.
Байланыс телефоны: 8 727 330 9838 (ішкі 92 ),
Түйіндемені электрондық поштаға жіберу: e.axanova@enpf.kz
Тәжірибе
Осы хатпен Қордың қаржы мамандықтары бойынша тәжірибеден өтушілерді қабылдауға дайын екендігін хабарлаймыз.
Байланыстар: +7 (727) 356 10 60 (вн 5174) a.ibragimova@enpf.kz Ибрагимова Ажар