Logo
Мазмұнға оралу
Выпуск №36 (2025)

Цифрландыру: әділетті әлеуметтік қамсыздандыру және оның әр азаматқа қолжетімділігі

Қазақстан онлайн қызметтерді дамыту бойынша үздік 10 елдің қатарына енді

Қызметтердің цифрландырылуы өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы маңызды құралға айналды. Процестердің барынша жеңілдеуінің арқасында азаматтардың қызметтерді алуы қолжетімді бола бастады. Электрондық кезектер, онлайн-өтініштер, төлемдерді автоматты түрде есептеу, әлеуметтік желілер арқылы онлайн-кеңес беру — мұның бәрі уақытты үнемдеп қана қоймай, әлеуметтік қызмет мамандарына түсетін жүктемені де азайтады. Кең байтақ жері бар Қазақстан халқы үшін цифрландырудың маңызды зор. Бұл ең шалғай ауылдардың тұрғындарына қажетті қызмет түрлеріне қалалықтармен бірдей қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл технология қызмет көрсетуді неғұрлым икемді етуге көмектеседі.

Халықаралық сараптамалар нәтижесіне сүйенсек, еліміздегі онлайн қызметтер мен жалпы цифрландыру жылдам жетілуде. БҰҰ деректері бойынша 2024 жылы Қазақстан онлайн-қызметтер бойынша 193 елді қамтыған рейтингте үздік-ондыққа кірді. Еліміздегі цифрлық қызметтердің даму деңгейі қаншалықты екенін жақсырақ түсіну үшін алғашқы ондықты атап өтейік. Олар: Оңтүстік Корея, Дания, Эстония, Сауд Арабиясы, Украина, Сингапур, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Жапония. Қазақстанға жол берген елдердің ішінде: Қытай (11-ші орын), Германия (12-ші орын), Австралия (14-ші орын), Нидерланды (15-ші орын), БАӘ (16-шы орын), АҚШ (17-ші орын).

ТМД-ға мүше өзге елдер құрамында болған елдердің кейбіреулері бізден әлдеқайда төмен орналасқан. Мысалы: Армения – 53, Ресей – 56, Өзбекстан – 59, Әзірбайжан – 67, Қырғызстан – 89, Беларусь – 97, Тәжікстан – 130, Түрікменстан – 172 орын.

Өз кезегінде, "БЖЗҚ" АҚ да салымшыларына қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып келеді, цифрлық форматта ұсынылатын сервистер желісін кеңейтіп, жаңа қызмет түрлерін көбейтуде. Қазіргі кезде зейнетақы қызметтерінің 90%-дан астамын БЖЗҚ онлайн-форматта ұсынады. Сайттағы немесе мобильді қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылар кез келген кезең үшін өз шотынан үзінді көшірме ала алады, жеке деректемелерін өзгертіп, жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аударуға немесе Ұлттық Банктің басқаруына қайтаруға өтініш бере алады. Ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде зейнетақы төлемін рәсімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен танысып, басқа да көптеген қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндіктері бар.

Зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарының автоматты есептеулері азаматтарға өз болашағын алдын ала жоспарлауға және барынша негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері БЖЗҚ 20 млн-ға жуық қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 9 млн астамы электрондық форматта, 9,6 млн автоматты түрде іске асырылды. Осылайша, онлайн-форматта көрсетілген қызметтердің жиынтық үлесі жалпы санның 98% құрады.

БЖЗҚ ұсынатын ең танымал қызметтер enpf.kz сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы Жеке кабинетте (https://cabinet.enpf.kz/) қолжетімді.

Айта кету керек, БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Сол үшін де деректер қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын ұстанады. Cоңғы жылдары киберқауіпсіздікті күшейту бойынша ақпараттық ресурстардың берік қорғалуын қамтамасыз ететін бірқатар ақпараттық жүйелер енгізілді. Инновациялар кибершабуылдарға қарсы әрекеттер мен веб-серверлерді, байланыс арналарын және ақпараттық ресурстарды DDoS шабуылдарынан қорғау жүйесінен, сондай-ақ жұмыс станциялары мен құрылғылардағы зиянды іс-әрекеттерді анықтап, зерттеу жүйесінен және қауіптерді айқындап, талдауға қажетті ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесінен тұрады. Бұған қоса, Қордың ақпараттық жүйелері мен сервистерін қорғаудың тиімділігін едәуір арттыратын екі факторлы аутентификация жүйесі енгізілді.

БЖЗҚ халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің халықаралық аудитінен жүйелі түрде өтеді. Бұл нәтижелердің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Салымшылардың құпия деректерінің толық қорғалатынына, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік талаптардың қатаң сақталатынына кепілдік береді.