Logo
Мазмұнға оралу
Выпуск №38 (2025)

«БЖЗҚ» АҚ-ның қаржы журналистикасы мектебі: зейнетақы жүйесі туралы білімді арттыруға арналған алаң

Қоғамның зейнетақымен қамсыздандыру саласына деген қызығушылығы арта түскен қазіргі кезде осы тақырыпты кәсіби деңгейде қамтитын сапалы журналистиканың рөлі айрықша маңызға ие. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) журналистердің біліктілігін арттыру және халықтың қаржылық сауаттылығын көтеру мақсатында 2016 жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер және Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін тереңірек түсінгісі келетін барша тәуелсіз авторлар үшін «Қаржылық журналистика мектебі» атты бірегей білім беру жобасын жүзеге асырып келеді.

20–21 қарашада Қор кезекті рет қаржылық журналистика мектебінің тегін курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген шамамен 150 журналист, блогер және студент қатысты.

Екі күнге созылған бағдарлама барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің білікті мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізді. Оқу барысында ең өзекті тақырыптарды қамтитын мазмұнды модульдер ұсынылды: Қор өкілдері әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі үлгілерін, қазақстандық модельдің ерекшеліктерін, демографиялық үрдістердің зейнетақымен қамсыздандыруға тигізетін әсерін, БЖЗҚ қызметін, зейнетақы жинақтарын төлеу және салық салу тәртібін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ Қор мамандары жинақтарды жеке компаниялардың сенімді басқаруына беру тетігінің қалай жұмыс істейтінін, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдаудың қыр-сырын, қажетті ақпаратты қайдан табуға болатынын және оны дұрыс талдау жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Іс-шараға қатысушылар алда күтілетін заңнамалық өзгерістер мен инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюі жөнінде де құнды ақпарат алды.


Ұлттық Банктің зейнетақы активтерін сенімді басқару жөніндегі қызметі, зейнетақы портфельдерінің құрылымы мен динамикасы, сондай-ақ кірістілікті арттыруға бағытталған жоспарлы шаралар туралы осы ұйымның мамандары баяндап берді.

Семинар аясында қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы тартымды әрі мазмұнды материал дайындаудың тиімді тәсілдері жөнінде практикалық кеңестермен қатар саланың кәсіби мамандарынан тікелей эксклюзивті түсіндірмелер мен жауаптар алды.

Осылайша, БЖЗҚ-ның қаржылық журналистика мектебі қоғамды ағартудың маңызды құралы ретінде қалыптасып, зейнетақы капиталына саналы көзқарасты дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Көптеген журналистер бұл мектепке қатысқаннан кейін зейнетақы мәселелеріне қатысты көзқарастары өзгеріп, дайындайтын материалдарды тереңірек түсініп, тақырыпқа деген қызығушылықтары арта түсетінін атап өтті.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ семинарға белсенді қатысқан барлық тыңдаушыларға шынайы алғыс білдіреді және алған білімі олардың зейнетақы жүйесі мәселелерін терең әрі жан-жақты түсінуіне ықпал етеді деп сенеді.