Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
ҚР Әлеуметтік кодексінің 40-бабының 1-тармағының 1-тармақшасының ережелерімен МЗЖ салымшыларының, өздері үшінЖМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылардың БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінің 55-бабында және 262-бабының 5-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрату күніне өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы төлемей алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге құқығы бар екені белгіленген.
Бұл ретте Зейнетақы қағидаларының 18-тармағымен БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, атына ШЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша ШЗШ жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері:
● БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинет арқылы;
● БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ және (немесе) ШЗШ ашылған жеке тұлға жеке жүгінген кезде қолына;
● БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген мекенжайға электрондық пошта арқылы;
● пошта байланысы арқылы жүзеге асырылатыны регламенттелген. Зейнетақы жинақтарының/ШЗЖ жай-күйі туралы ақпарат алу үшін ӘРПК-нің 63-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сұрау салуды жіберу қажет.
Сұрауда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар сұрауда сіз ақпарат алғыңыз келетін кезең; ҚР-да берілген ЖСН (бар болса); дербес деректер өзгерген жағдайда (мысалы, ТАӘ) - ескі және жаңа деректер көрсетілуі қажет. Сіз БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің электрондық поштасына немесе пошталық мекенжайына сұрау жібере аласыз.
Мекенжайлар тізімі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде қолжетімді. Жауап өтініште көрсетілген пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген мекенжайға сәйкес келген жағдайда, көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында жыл сайынғы ақпараттандыруды жүргізу қажеттілігі туралы талаптар жоқ.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 35-бабының 2-тармағына сәйкес БЖЗҚ өз атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға осы Кодекстің 55-бабында көзделген ережелерді ескере отырып:
оның ішінде осы Кодекстің 262-бабы 5-тармағының ережелерін ескере отырып, оның сұрау салуы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы;
міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді сомасы туралы;
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарының инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпаратты ақы алмай беруге міндетті.
БЖЗҚ-ның көрсетілген зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.
Сонымен, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы «08» тамыздағы №2 хаттамасымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі –Зейнетақы қағидалары) 18-тармағына сәйкес Зейнетақы қағидаларының 18-тармағына сәйкес БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, атына ШЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша ШЗШ жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері:
1) БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинет арқылы;
2) БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ және (немесе) ШЗШ ашылған жеке тұлға жеке жүгінген кезде қолына;
3) БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген мекенжайға электрондық пошта арқылы;
4) пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, шоттардан үзінді көшірмелер БЖЗҚ интернет-ресурстарының жеке кабинеті және «электрондық үкімет» (сайтта және мобильді қосымшада) арқылы 24/7 түзімде қолжетімді.
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашқанға дейінгі кезеңге қалыптастырылған шоттан (шоттардан) үзінді көшірме ҚР ҰБ 24.09.2013 ж. № 356 қаулысымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу кестесі (Кесте) аясында БЖЗҚ-ға жабылған ЖЗШ бойынша мәліметтерді берген «соңғы» жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) ұсынған зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қамтиды.
Қажет болған жағдайда БЖЗҚ Кесте аясында ЖЗҚ-дан алынған жабық ЖЗШ-дан ақпарат бере алады. Ол үшін сұралған ақпарат пен қалыптастырылатын кезеңді көрсете отырып, enpf@enpf.kz электрондық пошта арқылы жазбаша сұрау салуды не тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуді ұсынамыз.
Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылатын болады.
Егер Сіз зейнетақы жарналары бойынша бүкіл кезеңге арналған анықтама алғыңыз келсе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (Мемлекеттік корпорация, бұрынғы – ХҚКО) жүгінуді ұсынамыз.
Мемлекеттік корпорациядан алынған айналым ведомосында барлық зейнетақы жарналары, төлем тапсырмасының нөмірі мен күні, сондай-ақ жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
Толық ақпарат алу үшін жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз.
БЖЗҚ филиалдарының орналасқан жері, жұмыс тәртібі мен түзімі туралы өзекті ақпаратпен www.enpf.kz веб-сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде таныса аласыз.
Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады.
Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі.
Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады.
Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.
Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануға болады.
Конфиденциалды деректерді қорғау мақсатында әзірлеуші түзімі іске қосылып тұрған кезде қосымшаға кіруге қауіпсіздік талаптарына сай тыйым салынады. Жұмысты жалғастыру үшін бұл түзімді құрылғы баптауларында өшіруді сұраймыз.
Пайдаланушылар қауіпсіздігі біздің басты басымдылығымыз болып қала береді.
Бұл мәселені шешу үшін телефон баптауларында әзірлеуші түзімін өшіру керек.
Біздің қосымша белсенді әзірлеуші түзімі, root-рұқсаты немесе модификацияланған жүйесі бар құрылғыларда жұмыс істемейді – бұл деректер қауіпсіздігі үшін қажет.
Егер сіздің баптауларыңызда әзірлеуші түзімі көрініп тұрмаса, онда төмендегілер болуы мүмкін:
• ол бұрын қосылған және жасырылған,
• арнайы микробағдарлама немесе root-рұқсат қолданылады,
• жүйе қауіпсіздіктің бейстандарт өлшемдерін анықтап отыр.
Не істеуге болады:
• Құрылғыны өшіріп, қайта іске қосыңыз.
• Баптаулардан іздеу арқылы «әзірлеуші түзімін» табуға тырысыңыз.
• Қажет кезде – зауыттық баптауларды қалпына келтіріңіз немесе микробағдарламаны ресмиге жаңартыңыз.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталындағы және (немесе) eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.Егер сізде ЭЦҚ немесе Жеке кабинетіңізге кіру мүмкіндігі болса, ақпаратты біздің https://www.enpf.kz/kz/ сайтымыздың «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінен алуға болады.
Шоттардан үзінді көшірме алу кезінде Өзіңізге керекті кезеңді көру үшін, Сіз «Қызметтер» бөлімі, әрі қарай «Шоттардан үзінді көшірме алу» парақшасына кіріп, Өзіңізге керекті үзінді-көшірмені қалыптастыру үшін қажетті кезеңді (бір күннен бірнеше жылға дейін) белгілеп, «Жүктеу» жолын басыңыз.
Қолданыстағы шоттар бойынша ақпарат, қалыптастырылған үзінді көшірмеде көрсетіледі.
«Шоттардан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу» электрондық қызметі, атына шот ашылған жеке тұлғаға БЖЗҚ-дағы қолданыстағы шоттар бойынша үзінді көшірмені өзінің электрондық мекенжайына дербес жіберуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте Сіз өз шоттарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде өзекті электрондық мекенжайыңыз көрсетілген жағдайда ғана аласыз.
Шот бойынша үзінді көшірмеде құжаттың электрондық нұсқасына веб-сілтеме болады. Веб-сілтеме осы құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді.
Шоттан үзінді көшірме алу үшін:
-«Шоттардан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу» электрондық қызметін таңдау;
-электрондық нысанға ЖСН және электрондық мекенжайды енгізу;
-шоттан үзінді көшірмені қалыптастыру кезеңін (басы мен соңын) таңдау қажет.
Бұл ретте электрондық мекенжайға жіберілген құжатта көрсетілген кезеңде БЖЗҚ-да бар барлық шоттардан үзінді көшірмелер болады.
Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады. Егер Сіз БЖЗҚ-дағы Жеке кабинетке ешқашан кірмеген болсаңыз, онда БЖЗҚ сайтына немесе ұялы қосымшаға ЭЦҚ кілтінің көмегімен не болмаса eGov mobile немесе биометрия арқылы авторланып, Жеке кабинетке өзіңізге сәйкес келетін құпиясөз орнатып алуға кеңес береміз, себебі алдағы уақытта жеке тұлғаның кабинетіне оңай және жедел кіріп, жарналардың жүйелілігі мен толықтығын, инвестициялық кірістің есептелуін және жинағыңыздың жалпы сомасын қадағалап отыруға болады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында тіркелу кезінде алдымен QR кодын пайдаланып қол қоюға арналған электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын eGov мобильді орнату қажет екенін ескертеміз.Сондай-ақ, өз шотыңыздан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет порталындағы немесе электрондық үкімет ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде тексеруге болады.
«БЖЗҚ» АҚ-дағы жинақтардың, шартты зейнетақы шотының жай-күйі және нысаналы талаптардың сомасы туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/332/21910/
БЖЗҚ ЖЗШ-дағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 55 – баптың 4 тармағында көзделген адамдарға берілуі мүмкін:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына - олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымының негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша;
3) сот орындаушыларына - прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша;
4) мемлекеттік кіріс органдарына - міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) байланысты мәселелер бойынша;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға - міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;
6) прокурорға - оның қарауында жатқан материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
7) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
8) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өкілдеріне - нотариат куәландырған сенімхаттың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде;
9) Мемлекеттік корпорацияға - міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының не нотариат куәландырған сенімхат немесе заңды күшіне енген сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;
10) уәкілетті мемлекеттік органға - міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
12) мұрагерлерге - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда - мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бере отырып, сұрау салу бойынша;
13) нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша - сұрау салу бойынша берілуі мүмкін.