Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ -дан сақтандыру ұйымына аудару
Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) аударуға құқығы бар тұлғаларға:
- зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталған:
- зейнеткерлік жасқа толған адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда; - 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін, СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;
- зейнетақы жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жинақталған:
- зейнеткерлік жасқа толған адамдар:
ерлер - 63 жасқа толғанда;
әйелдер - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда; - жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай өздеріне МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар жатады, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде.
Назар аударыңыз:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтанушының қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе «МКБ» АҚ болып табылатын, сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі – БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым) қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу жолымен жасалуы мүмкін.
Бұл ретте № 44 Қағиданың ережелеріне сәйкес, зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау және бұзу, БЖЗҚ мен СҰ арасында, бір СҰ мен екінші СҰ арасында жасалған, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат алмасу БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы СҰ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында, БЖЗҚ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында жасалған тиісті келісімдерде (бұдан әрі – Келісімдер) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
СҰ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында, БЖЗҚ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында алмасуға жататын ақпаратқа Келісімдермен анықталған мәліметтер, соның ішінде сақтанушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, сақтанушының дербес деректерін, сақтандырылған тұлғаның дербес деректерін жинауға және өңдеуге сақтанушының келісімінің болуы кіреді.
СҰ сақтанушымен (сақтанушылармен) зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімді жасаған/бұзған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтанушымен (сақтанушылармен) жасалған/бұзылған зейнетақы аннуитеті шарты немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім туралы электрондық хабарламаны БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымға Келісімдерде анықталған тәртіппен жібереді.
СҰ-дан электрондық хабарламаны алған күні БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым алынған мәліметтерді өңдейді және Келісімдерде анықталған тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-ға тиісті электрондық хабарламаны береді.
БЖЗҚ электрондық хабарламаны БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алған кезде зейнетақы аннуитеті шартын жасаған сақтанушы туралы алынған мәліметтердің БЖЗҚ-ның цифрлық жүйесіндегі деректерге сәйкестігін тексеруді автоматты түзімде жүзеге асырады және олар сәйкес келген кезде зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударады.
БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алынған, СҰ-мен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары туралы мәліметтер негізінде БЖЗҚ зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын СҰ-ға БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аударады.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, 40 жасқа толған және жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай өздеріне МКЗЖ төленген адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.
СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда сақтанушы өз қаражатын қосуға құқылы.
Сақтанушы (сақтанушылар) СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, өз қаражатын толық көлемде біржолғы төлем ретінде енгізуі міндетті.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы СҰ-ға аударылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бірақ сақтанушы:
ерлер – 55 жасқа;
әйелдер:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;
жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай өздеріне МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар үшін - 50 жасқа жеткеннен кейін жүзеге асырылады.
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін көздейтін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтанушы (сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген адам (адамдар), ал мұндай адам (адамдар) болмаған кезде сақтанушының (сақтанушылардың) және (немесе) сақтандырылушының мұрагерлері осы көрсетілген сақтандыру төлемдерін, егер сақтанушы (сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы тірі кезінде оларды толық көлемде алмаса не алмаса, зейнетақы аннуитеті шартында көзделген көлемде, бір рет немесе Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 226-бабы 12-тармағының бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен алуға құқылы.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын және бір мезгілде сақтандырылған екі сақтанушы (сақтандырылушы) зейнетақы аннуитеті шартының тарабы бола алады.
СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан (зейнетақы аннуитеті шартын екі тұлға жасаған жағдайда, ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшерінен) төмен болмауы тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылғандардың бірі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар оны жасаған күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару туралы өтінішпен СҰ-ға жүгінуге құқылы. БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының арасындағы айырмаға тең.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған МЗЖ салымшысы және (немесе) өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын СҰ-мен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін пайдалануға құқылы.