Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 34-тармағына сәйкес, БЖЗҚ - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
БЖЗҚ мемлекеттік зейнетақыны тағайындамайды немесе есептемейді.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру туралы толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұрынғы МКҚК) хабарласуыңызды сұраймыз, себебі бұл мәселе ЕНЗҚ құзыретіне жатпайды.
Сондай-ақ, Сіз 1414 телефон нөміріне қоңырау шала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бұл сұрақ БЖЗҚ-ның құзыретіне жатпайтындығын хабарлаймыз.
Бұл сұрақ бойынша өзіңіз тіркеуде тұрған жердегі Мемлекеттік корпорация қоғамына баруға кеңес береміз.
Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының (МЖЗ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – құқық туындау күнінде инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы және МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде анықталған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.
Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы МЗЖ, МКЗЖ нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ сақталуына кепілдік келесі адамдарға қолданылады:
1) зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;
3) белгіленген жасқа жеткен күнге, сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең үшін;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға - БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары алынған күнге;
5) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға – салымшының уәкілетті оператор ашқан арнаулы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударылған күннен басталатын кезең үшін, белгіленген жасқа толған күнге.
Ақпаратты нақтылау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына толық мәліметтерді көрсете отырып сұрау салуды мына мекенжай бойынша жіберуді ұсынамыз: Қазақстан Республикасы; Алматы ы.а.; 010000; Астана қаласы, Кравцова көшесі 18.