Тыңдау рәсімі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес БЖЗҚ жинақтарды төлеуге/зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға/сенімгерлік басқаруға беруге қабылданған/түскен өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) орындаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы алдын ала шешім қабылдаған жағдайда БЖЗҚ өтініш берушіге (Өтініш берген адамға) тыңдау жүргізу арқылы БЖЗҚ-ның әкімшілік іс бойынша алдын ала шешіміне өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Өтінішті орындаудан бас тартқанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш берушіге БЖЗҚ-ның арызды орындаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберуі арқылы тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлайды.
БЖЗҚ хабарламаны Өтініште және (немесе) БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде көрсетілген өтініш берушінің деректемелеріне мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:
- электрондық пошта арқылы;
- Қазақстан Республикасы ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;
- тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хат арқылы (электрондық пошта мекенжайы және Қазақстан Республикасы ұялы байланыс операторының ұялы байланысының абоненттік нөмірі болмаған жағдайда);
- қосымша – БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында өтініш берушінің жеке кабинетінде Push-хабарламалар жіберу арқылы.
Өтініш беруші БЖЗҚ хабарламасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде БЖЗҚ-ның алдын ала шешіміне:
- БЖЗҚ-ға электрондық пошта арқылы жауап хабарлама жіберу арқылы;
- бейнеконференцбайланыс арқылы не БЖЗҚ хабарламасында көрсетілген өзге де тәсілмен ауызша қарсылық беруге немесе білдіруге құқылы.
БЖЗҚ хабарлама жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жіберілген хабарламаға жауабы болмаған, сондай-ақ өтініш беруші хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша тыңдауға қосылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – НҚА) сәйкес өтініш берушіге Өтінішті орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда БЖЗҚ тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдауға қатысатын өтініш беруші тыңдау хаттамасымен танысуға құқылы.
Егер тыңдау хаттамасы бойынша:
- өтініш беруші ескертулер ұсынбаған, оның ішінде БЖЗҚ-мен НҚА-ға сай бас тартуы тиіс мерзімдерде ұсынбаған не болмаса қарау нәтижелері бойынша ескертулерді толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылданатын ескертулер ұсынған болса, өтініш берушіге Өтініштің түріне байланысты тиісті НҚА-да көзделген талаптарды ескере отырып, Өтінішті орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі;
- өтініш беруші ескертулерді қарау нәтижелері бойынша БЖЗҚ-мен оларды қанағаттандыру туралы, соның ішінде қосымша ұсынылған мәліметтер және (немесе) құжаттар негізінде шешім қабылданатын ескертулер ұсынған болса, Өтініш орындалуға жатады.
Тыңдау рәсімі жүргізілмейді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан, уәкілетті операторлардан[1], сақтандыру ұйымдарынан, сондай-ақ БЖЗҚ-ның жеке кабинеті арқылы электрондық форматта келіп түскен Өтініштерді орындаудың автоматтандырылған үдерісін жүзеге асыру кезінде;
- өтініш берушіден Өтініштің күшін жою туралы өтініш түскен жағдайда;
- Өтініштерді орындаудың автоматтандырылған үдерісін жүзеге асыру кезінде бас тартылған Өтініштер бойынша (оның ішінде инвестициялық кірістің азаюына не қатар берілген Өтінішті орындауға не банк, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем сомасын /төлем тапсырмасын қайтаруына байланысты жеке тұлғаның шотындағы сома азайған жағдайда);
- егер бұл туралы өтініш беруші Өтінішке қол қою кезінде не БЖЗҚ жіберген хабарламаға жауап ретінде еркін нысанда жасалған өтінішхатты жіберу арқылы өтініш білдірген жағдайда.
Электрондық пошта арқылы жіберілетін хабарламада (хабарландыруда) қамтылған мәтін |
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабының 1-тармағын орындау үшін, Сізге БЖЗҚ-ның алдын ала шешімін танысуға жібереміз. ҚР ӘРПК-нің 73-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылық беруге немесе айтуға құқылы екенін түсіндіріп өтеміз. Сіз жауап хабарламасын жолдау арқылы БЖЗҚ-ның алдын ала шешіміне қатысты өз ұстанымыңызды білдіре аласыз. Егер БЖЗҚ-ның алдын ала шешіміне қатысты Сіздің ауызша ұстанымыңызды білдіруге шешіміңіз болған жағдайда 20__ жылғы «__» ______________ __ сағат __ минутта бейнеконференцбайланыс арқылы келесі сілтеме бойынша: ____________________________________________________________________________ БЖЗҚ қызметкерлерінің қатысуымен тыңдау өткізілетінін хабарлаймыз. |
Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жіберілетін мәтіндік хабарлама |
ҚР ӘРПК-нің 73-бабының 1-тармағын орындау үшін БЖЗҚ Сіз берген __________, өтінішті орындаудан бас тарту бойынша алдын ала шешім туралы Сізге хабарлайды. ҚР ӘРПК-нің 73-бабының 3-тармағына сәйкес Сіз әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылық беруге немесе айтуға құқылысыз. Егер БЖЗҚ-ның алдын ала шешіміне қатысты Сіздің ауызша ұстанымыңызды білдіруге шешіміңіз болған жағдайда 20__ жылғы «__» ______________ __ сағат __ минутта бейнеконференцбайланыс арқылы келесі сілтеме бойынша: ____________________________________________________________________________ тыңдау өткізілетінін хабарлаймыз. |
- [1] Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін БЗТ-ға арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға БЖЗҚ МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ аударуды жүзеге асырады, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы