Заң департаментінің негізгі міндеттері:
1) әкімшілік-шаруашылық қызмет саласындағы Қор қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
2) шаруашылық қызмет мәселелері бойынша Қор құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
3) Қордың зейнетақы қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
4) зейнетақы қызметін жүзеге асыру кезінде Қор құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
5) қылмыстық жолмен табылған табысты және ылаңкестікті қаржыландыруды заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы әрекет саласында Қор қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
6) сотқа дейін және (немесе) сот тәртібімен дефолтқа ұшыраған эмитенттермен қарым-қатынас бойынша Қор мүддесін қорғау.