Хайруллаев Рахмет Хибадуллаевич
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
Туған күні: 03.05.1972
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:
2022 жылғы 15 шілдеде тәуелсіз директор ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (29.06.2023 жылы қайта сайланды).
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметін атқарады.
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің төрағасы және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің мүшесі болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын иеленуге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Білімі:
1993 жылы Новосібір Мемлекеттік Университетін «Математика, қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Халықаралық Бизнес академиясын «Менеджмент» (магистр) мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Маастрихт менеджмент мектебін бітірген, біліктілігі – іскерлік басқару магистрі (МВА).
Жұмыс тәжірибесі:
Өзінің еңбек жолын Р.Х.Хайруллаев 1993 жылы «Казахстанимпэкс» Республикалық Сыртқы экономикалық Бірлестігінің менеджері («Казахстанимпэкс» Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясы) ретінде бастады.
1994-1997 жылдары – «Казахстанимпэкс» Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының валюталық-қаржы бөлімінің бастығы, қаржы директоры.
1998-1999 жылдары - «Сонар» фирмасы» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы.
1999-2000 жылдары - «Континент» ЖШС директоры.
2000-2002 жылдары - «EuroAsia Group» ЖШС Бас директоры.
2002-2007 жылдары - «Каспийнефть-ТМЕ» АҚ қаржы департаментінің директоры, Қаржы және экономика бойынша Басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы және экономика бойынша вице-президенті.
2007-2012 жылдары - «MH INDUSTRY» ЖШС бас директоры;
2010-2016 жылдары - «KazPetroDrilling» ЖШС бас директоры, Президенті.
2017 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы тамызға дейін - «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС директорының лауазымын иеленді.
2020 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы шілдеге дейін - «KazPetroDrilling» АҚ Президенті лауазымын атқарды.
2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Premier Management» ЖШС бас директоры.
Басқа лауазымдары:
2023 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Joint Resources» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.