Арифханов Айдар Абдразахович
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
Туған күні: 28.11.1974
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:
2022 жылғы 15 шілдеде тәуелсіз директор ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (29.06.2023 жылы қайта сайланды).
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметін атқарады.
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына кіреді.
«БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын иеленуге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Білімі:
1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, біліктілігі – экономист.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, біліктілігі – халықаралық қатынастар саласындағы маман.
2008 жылы Колумбиялық университеттің магистратурасын «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – іскерлік басқару магистрі.
2016 жылы Лондон бизнес мектебін бітірген, біліктілігі – іскерлік басқару магистрі.
Жұмыс тәжірибесі:
Өзінің еңбек жолын А.А.Арифханов 1995 жылы КРАМДС банктің Алматы қаласы Совет ауданы филиалының валюталық операциялар бойынша маманы ретінде бастады.
1996-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бақылаушы-ревизор, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары,
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2004-2007 жылдары – «Оңалту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2004-2006 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.
2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.
2009-2010 жылдары – «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.
2011 жылғы мамырдан бастап 2015 жылға дейін «Казатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2015 жылғы қарашадан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
2017 жылғы қаңтардан бастап желтоқсанға дейін «Байтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін «Байтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы.
2017-2019 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2017-2020 жылдары - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2017-2022 жылдары – «Казэкспорт Гарант» ЭКСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2017-2018 жылдары – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2021-2022 жылдары – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2021-2022 жылдары – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
Басқа лауазымдары:
2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – «50 North Capital Limited» жеке компаниясында Директорлар кеңесінің мүшесі.
2024 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор. 2025 жылғы 18 наурыздан бастап «Teniz Capital Investment Banking» АҚ АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.