Елемесов Асқар Раушанұлы
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор, Diploma in Company Direction, Institute of Directors (Ұлыбритания)
Туған күні: 17.10.1968
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:
2026 жылғы 22 маусымда Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды. Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директордың қызметтерін атқарады. (алғаш рет 02.07.2019 жылы сайланған, 20.07.2020 жылы, 29.06.2023 жылы қайта сайланды).
Білімі:
1990 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша бітірген.
1994 жылы Сент-Луистегі Вашингтон университетін «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
1990 жылы – «Казахинторг» РБ экономисті.
1991 – 1992 жылдары – «Корус Интернейшнл Ко ЛТД» фирмасының Өкілдігінің бас директорының орынбасары.
1994 – 1996 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
1996 – 1998 жылдары – «Банк Каспийский» АҚ, «Банк ТуранАлем» АҚ, «Қазақстанның халық жинақтаушы банкі» АҚ Басқармасы Төрағаларының орынбасары.
1998 – 2004 жылдары – Вице-президент, Deutsche Bank еншілес компаниясының «Секьюритиз (Казахстан) ЕБ» ААҚ, инвестициялық компаниясында Президент.
2000 – 2003 жылдары, 2007 жылы – «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің
мүшесі.
2004 – 2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.
2006 жылғы ақпаннан бастап қарашаға дейін – Қазақстан Республикасының қаржы
Вице-министрі.
2006 – 2008 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылғы маусымнан бастап 2013 жылғы қарашаға дейін – «Тройка Диалог Казахстан» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Директорлар кеңесінің Төрағасы.
2013 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы маусымға дейін – «Атамекен» ҰКП президиумының қаржы секторы комитетінің төрағасы.
2014 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін – «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ Директорлар кеңесінің Төрағасы.
2014 – 2016 жылдары – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2016 – 2018 жылдары – «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2017 – 2018 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2018 – 2021 жылдары – «Даму» КДҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2019 – 2022 жылдары – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2019 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы желтоқсанға дейін – «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) «АКРА (Аналитикалық кредиттік рейтингтік агенттігі)» филиалының басшысы.
2020 жылғы мамырдан бастап 2024 жылғы желтоқсанға дейін – «Bereke Bank» АҚ (бұрын - «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ) Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
Басқа лауазымдары:
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Samanea Limited» Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
2025 жылғы 26 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.