Шегай Виктория Вильгельмовна
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Туған күні: 24.01.1981
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі және функциялары:
2024 жылғы 5 шілдеде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі болып сайланды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына кіреді.
Білімі:
2001 жылы Х.Я. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша (бакалавр) бітірген.
2003 жылы «Мирас» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (бакалавр) бітірген.
2016 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша (экономика және бизнес магистрі) бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2004 жылы «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы активтерін есепке алу және операциялар басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.
2004 жылдан 2017 жылға дейін «БЖЗҚ» АҚ-да әртүрлі лауазымда жұмыс істеген: Зейнетақы активтерін есепке алу және операциялар департаментінде жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары, директор.
2017 жылдың қазан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ штаттан тыс қызметкері болып жұмыс істеген.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінде басқарма басшысы, директор болып жұмыс істеген.
2022 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың қараша айына дейін «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК реттеу саясаты секторында аға ғылыми қызметкер, басшы болып жұмыс істеген.
2023 жылдың қараша айынан 2025 жылдың 8 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Басқа лауазымдары:
2025 жылғы 23 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2025 жылғы 27 маусымнан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры » АҚ АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.