Филиалды таңдаңыз:
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!
«ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу» электрондық қызметі жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірмені Сізге электрондық пошта мекенжайыңызға өзіңіз жіберу мүмкіндігін береді. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде «БЖЗҚ» АҚ уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжатқа веб-сілтеме болады.
«ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу» сервисін Сіз:
- зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «электрондық пошта арқылы алу» тәсілін таңдаған;
- «БЖЗҚ» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына Сіз тіркеген электрондық пошта мекенжайын көрсеткен жағдайда пайдалана аласыз.
Қызметті қалай онлайн алуға болады
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу үшін:
- «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу» электрондық қызметін таңдау;
- экрандағы нысанға ЖСН мен электрондық мекенжайын енгізу;
- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қалыптастыру кезеңін (басы мен соңын) таңдау қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі
«БЖЗҚ» АҚ уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатқа веб-сілтеме бар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме.
Ескерту: егер Сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «электрондық пошта арқылы алу» тәсілін таңдамаған болсаңыз, онда Сізге «БЖЗҚ» АҚ-ға жеке басыңызды куәландыратын құжатпен келіп, ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге отыру керек.