Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Менің балама БЖЗҚ-да шот ашылды және оның нысаналы жинақтары аударылды, бірақ неге біз қазір бұл қаражатты пайдалана алмаймыз?

Нысаналы жинақтар шоты БЖЗҚ-да бала кәмелетке толған жылы нысаналы жинақтардың сомасын АҚШ долларымен есептей отырып автоматты түрде ашылады.

18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады.

18 жасқа толғаннан кейін не оған дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.

27.03.2025
Нысаналы жинақтарды уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға қайтаруға бола ма?

Уәкілетті оператор нысаналы жинақтар төлемдерін қайтару бойынша жұмысты келесідей жағдайда жүргізеді:

• нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі уәкілетті операторға нысаналы жинақтардың барлық сомасын немесе бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш бергенде;

• нысаналы жинақтармен толықтырылған, мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесі шеңберінде жасалған білім беру жинақтаушы салымы туралы шартты немесе білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын бұзғанда;

• нысаналы жинақтарды алушы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуіне барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда;

• техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын екінші деңгейдегі банктерден немесе сақтандыру ұйымдарынан немесе білім беру ұйымдарынан нысаналы жинақтар төлемдері қайтарылған жағдайда.

27.03.2025
Бағдарламаға қатысушы-алушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Бұл қаражат БЖЗҚ шотында қанша уақыт болуы мүмкін? Ол ерікті зейнетақы шотына аударыла ма?

Нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не нысаналы жинақтарды алушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда, оның нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін мұрагерлер АҚШ долларымен уәкілетті операторда банктік шот ашады.

Мүлікке (материалдық немесе материалдық емес) мұрагерлік құқығы жөніндегі мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 6-бөлімімен реттеледі.

Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған кезде нысаналы жинақтар мұрагерге (мұрагерлерге) БЖЗҚ-ға тиісті құжаттар ұсынылған кезде төленеді.

Бұл ретте мұрагер (мұрагерлер) қаржы нысаналы жинақтар шотына есептелгеннен кейін нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінеді.

Қайтыс болған Бағдарламаға қатысушылардың нысаналы жинақтарының талап етілмеген сомалары нысаналы жинақтар шоттарында есепке алынады және ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылмайды.

27.03.2025
Егер «Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы емес» болса?

Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады, бұл ретте:

• Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары белгіленген тәртіппен нысаналы талаптардың басқа қатысушылары арасында бөлінуге жатады;

• нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушының нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылады және БЖЗҚ-ның келесі есепті жылғы нысаналы жинақтарды алушылар алдындағы міндеттемелері ретінде есепке алынады. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты жабылады.

27.03.2025
Нысаналы талаптарға қатысушы, нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар қажет және оны қайда беруі керек?

Қайтыс болған қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының мұрагері (мұрагерлері) нысаналы жинақтар төлемі үшін қайтыс болған тұлғалардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, сондай-ақ, өтініштердің бланкілері және төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі БЖЗҚ www.enpf.kz  веб-сайтында орналастырылған.

Төлемдерді есептеу үшін мұрагерлер уәкілетті операторда АҚШ долларымен банктік шот ашады.

Бұл ретте мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап жойылады.

27.03.2025
Нысаналы жинақтарды толығымен емес, бөліп пайдалануға бола ма?

Нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, мақсатты пайдалануға сәйкес қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалана алады

27.03.2025
Бағдарлама шеңберінде БЖЗҚ құзыретіне қандай мәселелер кіреді?

БЖЗҚ міндетті:

1) нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;

2) нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есептеуді және есепке алуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;

3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай мәліметтерді тегін ұсынуға міндетті:

- нысаналы талаптардың қатысушысына немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы туралы;

- нысаналы жинақтау шотын ашқан күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша нысаналы жинақтау сомасы туралы;

4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды уәкілетті операторда ашылған алушылардың шоттарына, сондай-ақ, қайтыс болғандардың мұрагерлерінің не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған банк шоттарына АҚШ долларымен төлеуді жүзеге асыруға;

5) нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға.  

27.03.2025
Бағдарлама шеңберінде уәкілетті оператор құзыретіне қандай мәселелер кіреді?

Уәкілетті оператор (УО) міндетті:

1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін банктік шоттар ашуға және оларды жүргізуге;

2) УО интернет-ресурсы арқылы алушылардан не алушылардың заңды өкілдерінен (алушылардың әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болған жағдайда) нысаналы жинақтарды төлеуге арналған өтініштерді УО мекенжайына қабылдауды жүзеге асыруға;

3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтар төлемдерінің нысаналы талабын растау жөніндегі құжаттарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асыруға;

4) нысаналы жинақтарды олардың нысаналы талабы бойынша аударуға;

5) қайтару себептерін көрсете отырып, нысаналы жинақтарды төлеу сомаларын (АҚШ долларымен) БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асыруға.

27.03.2025
Нысаналы жинақтарды уәкілетті операторға қайтарған кезде айырбастау қандай бағам бойынша жүзеге асырылады?

Нысаналы жинақтарды төлеу сомасын айырбастауға, қайтарылған кезде қайтаруға уәкілетті оператордың қайтару сәтінде белгілеген валюта бағамы бойынша айырбасталған АҚШ долларындағы сома жатады.

Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақ төлемдерін аударуға (қайтаруға) байланысты айырбастауға байланысты шығыстар, банк қызметтерін төлеу нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

27.03.2025
Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы?

БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1) зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2) 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1) зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2) өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

26.03.2025
Сақтандыру компаниясына аудару үшін қандай құжаттар тізімі қажет?

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару үшін, БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне қарай (жеке/үшінші тұлға арқылы) барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/annuitet/57502/

26.03.2025
Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақының қай бөлігіне салық салынады, ал қайсысына салық салынбайды?

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдерге салық салынады.

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады.  Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал ЖТС төлемдер жасалған кезде ұсталады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен жиынтық түрде ұсталады. Бұл ретте түзету және салық шегерімдерінің сомалары ескеріледі. 

Алайда, бұл норма тек 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және оған сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды.

25.09.2025
Зейнет жасына жетуге байланысты БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну керек?

Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады.
 Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі.
Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.
Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

19.09.2025
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдері туралы норма қалай өзгереді?

Өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз пайдасына жасалған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдерін жоюды қамтиды. Алайда, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдердің басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есебінен жасалатын төлемдер де ЖТС-тан босатылады.

Бұл ретте салық агентінің БЖЗҚ-ға қызметкердің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайтындықтан, оған ЖТС салынбайды, ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілуге жатады деген норма сақталады. Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салық жеңілдіктерін алады.

19.09.2025
БЗТ-ны уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023.06.30 № 521 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының 34-тармағының 3) тармақшасымен қайтару алушының арнаулы шотына есепке жазылған БЗТ-ның барлық сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген жағдайда жүзеге асырылатыны белгіленген. 

Бұл ретте уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға БЖЗҚ жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) есептейтін БЗТ сомасын қайтаруды жүзеге асырады. 

Уәкілетті оператор қайтарған БЗТ сомаларын БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ға БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіп пен мерзімдерде есепке жазады. 

Уәкілетті оператор қайтарған БЗТ сомасын сіздің ЖЗШ-ға есепке алуды БЖЗҚ қайтарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

БЗТ-ның қайтарылған сомасын есепке алу туралы ақпаратты ЖЗШ-дан үзінді көшірмеден көруге болады (жаңартылған ақпарат «Түсім» жолында көрсетіледі).

17.09.2025
Артық зейнетақы жинақтарын қанша рет алуға болады?

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу (БЖТ) мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес алып қою үшін қолжетімді сомалар шегінде шектеусіз пайдалануға болады.

БЗТ алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57499%20/

16.09.2025
Зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен асады, неге алатын сома – 0?

01.07.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне байланысты:

- өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан ғана жүзеге асырылады;

- 01.07.2023 жылдан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ алу құқығы алынып тасталды.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да осы санатқа кірмейді.

16.09.2025
Төленген ақша банк шотқа қанша уақыт аралығында түседі?

БЖЗҚ төлем түріне байланысты заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жинақ төлемдерін жүзеге асырады.

Төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігі мен мерзімі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ-ның сайтында https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/157814/ танысуға болады.

16.09.2025
Ағылшын тілінде шоттан үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 11.07.1997 жылғы № 151 Заңының 10-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiлетіні белгіленген, БЖЗҚ-да шоттан үзінді көшірме ағылшын тілінде берілмейді.

16.09.2025
ЖЗШ-дан 50% МЗЖ есептен шығарылғанын туралы растайтын анықтаманы қалай алуға болады?

Сіз жеке зейнетақы шотынан міндетті зейнетақы жарналарының сомасын есептен шығарылғанын растайтын анықтаманы:

 - БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген адам (тиісті өкілеттіктері бар нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде) арқылы жүгінген кезде;

-БЖЗҚ интернет-ресурсындағы жеке кабинетте «Жеке тұлғаның кабинеті»,  «Қызметтер» шағын бөлімі – «Жарналардың 50% қайтарылғанын растайтын анықтаманы (әскери қызметшілер)» ала аласыз.

16.09.2025