Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Менің балама БЖЗҚ-да шот ашылды және оның нысаналы жинақтары аударылды, бірақ неге біз қазір бұл қаражатты пайдалана алмаймыз?

Нысаналы жинақтар шоты БЖЗҚ-да бала кәмелетке толған жылы нысаналы жинақтардың сомасын АҚШ долларымен есептей отырып автоматты түрде ашылады.

18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады.

18 жасқа толғаннан кейін не оған дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.

27.03.2025
Нысаналы жинақтарды уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға қайтаруға бола ма?

Уәкілетті оператор нысаналы жинақтар төлемдерін қайтару бойынша жұмысты келесідей жағдайда жүргізеді:

• нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі уәкілетті операторға нысаналы жинақтардың барлық сомасын немесе бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш бергенде;

• нысаналы жинақтармен толықтырылған, мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесі шеңберінде жасалған білім беру жинақтаушы салымы туралы шартты немесе білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын бұзғанда;

• нысаналы жинақтарды алушы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуіне барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда;

• техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын екінші деңгейдегі банктерден немесе сақтандыру ұйымдарынан немесе білім беру ұйымдарынан нысаналы жинақтар төлемдері қайтарылған жағдайда.

27.03.2025
Бағдарламаға қатысушы-алушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Бұл қаражат БЖЗҚ шотында қанша уақыт болуы мүмкін? Ол ерікті зейнетақы шотына аударыла ма?

Нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не нысаналы жинақтарды алушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда, оның нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін мұрагерлер АҚШ долларымен уәкілетті операторда банктік шот ашады.

Мүлікке (материалдық немесе материалдық емес) мұрагерлік құқығы жөніндегі мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 6-бөлімімен реттеледі.

Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған кезде нысаналы жинақтар мұрагерге (мұрагерлерге) БЖЗҚ-ға тиісті құжаттар ұсынылған кезде төленеді.

Бұл ретте мұрагер (мұрагерлер) қаржы нысаналы жинақтар шотына есептелгеннен кейін нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінеді.

Қайтыс болған Бағдарламаға қатысушылардың нысаналы жинақтарының талап етілмеген сомалары нысаналы жинақтар шоттарында есепке алынады және ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылмайды.

27.03.2025
Егер «Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы емес» болса?

Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады, бұл ретте:

• Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары белгіленген тәртіппен нысаналы талаптардың басқа қатысушылары арасында бөлінуге жатады;

• нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушының нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылады және БЖЗҚ-ның келесі есепті жылғы нысаналы жинақтарды алушылар алдындағы міндеттемелері ретінде есепке алынады. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты жабылады.

27.03.2025
Нысаналы талаптарға қатысушы, нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар қажет және оны қайда беруі керек?

Қайтыс болған қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының мұрагері (мұрагерлері) нысаналы жинақтар төлемі үшін қайтыс болған тұлғалардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, сондай-ақ, өтініштердің бланкілері және төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі БЖЗҚ www.enpf.kz  веб-сайтында орналастырылған.

Төлемдерді есептеу үшін мұрагерлер уәкілетті операторда АҚШ долларымен банктік шот ашады.

Бұл ретте мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап жойылады.

27.03.2025
Нысаналы жинақтарды толығымен емес, бөліп пайдалануға бола ма?

Нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, мақсатты пайдалануға сәйкес қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалана алады

27.03.2025
Бағдарлама шеңберінде БЖЗҚ құзыретіне қандай мәселелер кіреді?

БЖЗҚ міндетті:

1) нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;

2) нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есептеуді және есепке алуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;

3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай мәліметтерді тегін ұсынуға міндетті:

- нысаналы талаптардың қатысушысына немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы туралы;

- нысаналы жинақтау шотын ашқан күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша нысаналы жинақтау сомасы туралы;

4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды уәкілетті операторда ашылған алушылардың шоттарына, сондай-ақ, қайтыс болғандардың мұрагерлерінің не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған банк шоттарына АҚШ долларымен төлеуді жүзеге асыруға;

5) нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға.  

27.03.2025
Бағдарлама шеңберінде уәкілетті оператор құзыретіне қандай мәселелер кіреді?

Уәкілетті оператор (УО) міндетті:

1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін банктік шоттар ашуға және оларды жүргізуге;

2) УО интернет-ресурсы арқылы алушылардан не алушылардың заңды өкілдерінен (алушылардың әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болған жағдайда) нысаналы жинақтарды төлеуге арналған өтініштерді УО мекенжайына қабылдауды жүзеге асыруға;

3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтар төлемдерінің нысаналы талабын растау жөніндегі құжаттарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асыруға;

4) нысаналы жинақтарды олардың нысаналы талабы бойынша аударуға;

5) қайтару себептерін көрсете отырып, нысаналы жинақтарды төлеу сомаларын (АҚШ долларымен) БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асыруға.

27.03.2025
Нысаналы жинақтарды уәкілетті операторға қайтарған кезде айырбастау қандай бағам бойынша жүзеге асырылады?

Нысаналы жинақтарды төлеу сомасын айырбастауға, қайтарылған кезде қайтаруға уәкілетті оператордың қайтару сәтінде белгілеген валюта бағамы бойынша айырбасталған АҚШ долларындағы сома жатады.

Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақ төлемдерін аударуға (қайтаруға) байланысты айырбастауға байланысты шығыстар, банк қызметтерін төлеу нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

27.03.2025
Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы?

БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1) зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2) 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1) зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2) өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

26.03.2025
Сақтандыру компаниясына аудару үшін қандай құжаттар тізімі қажет?

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару үшін, БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне қарай (жеке/үшінші тұлға арқылы) барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/annuitet/57502/

26.03.2025
БЗТ-ны уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023.06.30 № 521 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының 34-тармағының 3) тармақшасымен қайтару алушының арнаулы шотына есепке жазылған БЗТ-ның барлық сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген жағдайда жүзеге асырылатыны белгіленген. 

Бұл ретте уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға БЖЗҚ жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) есептейтін БЗТ сомасын қайтаруды жүзеге асырады. 

Уәкілетті оператор қайтарған БЗТ сомаларын БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ға БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіп пен мерзімдерде есепке жазады. 

Уәкілетті оператор қайтарған БЗТ сомасын сіздің ЖЗШ-ға есепке алуды БЖЗҚ қайтарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

БЗТ-ның қайтарылған сомасын есепке алу туралы ақпаратты ЖЗШ-дан үзінді көшірмеден көруге болады (жаңартылған ақпарат «Түсім» жолында көрсетіледі).

17.09.2025
Артық зейнетақы жинақтарын қанша рет алуға болады?

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу (БЖТ) мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес алып қою үшін қолжетімді сомалар шегінде шектеусіз пайдалануға болады.

БЗТ алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57499%20/

16.09.2025
Зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен асады, неге алатын сома – 0?

01.07.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне байланысты:

- өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан ғана жүзеге асырылады;

- 01.07.2023 жылдан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ алу құқығы алынып тасталды.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да осы санатқа кірмейді.

16.09.2025
Төленген ақша банк шотқа қанша уақыт аралығында түседі?

БЖЗҚ төлем түріне байланысты заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жинақ төлемдерін жүзеге асырады.

Төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігі мен мерзімі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ-ның сайтында https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/157814/ танысуға болады.

16.09.2025
Ағылшын тілінде шоттан үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 11.07.1997 жылғы № 151 Заңының 10-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiлетіні белгіленген, БЖЗҚ-да шоттан үзінді көшірме ағылшын тілінде берілмейді.

16.09.2025
ЖЗШ-дан 50% МЗЖ есептен шығарылғанын туралы растайтын анықтаманы қалай алуға болады?

Сіз жеке зейнетақы шотынан міндетті зейнетақы жарналарының сомасын есептен шығарылғанын растайтын анықтаманы:

 - БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген адам (тиісті өкілеттіктері бар нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде) арқылы жүгінген кезде;

-БЖЗҚ интернет-ресурсындағы жеке кабинетте «Жеке тұлғаның кабинеті»,  «Қызметтер» шағын бөлімі – «Жарналардың 50% қайтарылғанын растайтын анықтаманы (әскери қызметшілер)» ала аласыз.

16.09.2025
Жеке кабинетке кіру мүмкін емес, «деректер басқа салымшының деректерімен сәйкес келеді» деген қате шығады?

Егер сіздің БЖЗҚ деректер базасында тіркелген ұялы телефон нөміріңіз/ электрондық пошта мекенжайыңыз БЖЗҚ АЖ-да шоты бар басқа адамның ұялы телефон нөмірімен/электрондық пошта мекенжайымен сәйкес келсе, онда сіз қайта тіркеуден өте алмайсыз.

Бұл жағдай сайтта тіркеу рәсімін жүзеге асыру үшін бір реттік парольді жіберу кезінде жинақтар, шартты зейнетақы шоты және нысаналы талаптар сомасы туралы ақпараттың құпиялығын сақтау бөлігінде БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға кедергі келтіреді.

Баяндалғанның негізінде зейнетақы жинақтары, шартты зейнетақы шоты және нысаналы талаптар сомасы туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау мақсатында қосымша деректемелерге өзгерістер енгізу үшін БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесіне жеке басын куәландыратын құжатпен жеке жүгінуді ұсынамыз.

Бұдан басқа, сіз жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе QR-код арқылы (егер сізде EGOV Mobile қосымшасы болса) кіре аласыз. Аталған әдістердің бірін қолдану арқылы жеке кабинетке кіріп, сіз ұялы телефон нөміріне/электрондық пошта мекенжайына түзету енгізе аласыз.

16.09.2025
ҚР бейрезиденті үзінді көшірмені қалай алуына болады?

ҚР Әлеуметтік кодексінің 40-бабының 1-тармағының 1-тармақшасының ережелерімен МЗЖ салымшыларының, өздері үшінЖМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылардың БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінің 55-бабында және 262-бабының 5-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрату күніне өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы төлемей алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге құқығы бар екені белгіленген.

Бұл ретте Зейнетақы қағидаларының 18-тармағымен БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, атына ШЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша ШЗШ жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері:

● БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинет арқылы;

● БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ және (немесе) ШЗШ ашылған жеке тұлға жеке жүгінген кезде қолына;

● БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген мекенжайға электрондық пошта арқылы;

● пошта байланысы арқылы жүзеге асырылатыны регламенттелген. Зейнетақы жинақтарының/ШЗЖ жай-күйі туралы ақпарат алу үшін ӘРПК-нің 63-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сұрау салуды жіберу қажет.

Сұрауда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

3) жолданымның мәні;

4) жолданымның берілген күні;

5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар сұрауда сіз ақпарат алғыңыз келетін кезең; ҚР-да берілген ЖСН (бар болса); дербес деректер өзгерген жағдайда (мысалы, ТАӘ) - ескі және жаңа деректер көрсетілуі қажет. Сіз БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің электрондық поштасына немесе пошталық мекенжайына сұрау жібере аласыз.

Мекенжайлар тізімі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде қолжетімді. Жауап өтініште көрсетілген пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген мекенжайға сәйкес келген жағдайда, көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

16.06.2025
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне жүгінбеген зейнеткерлерге қатысты қандай іс-шараларды жүзеге асырады?

Зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында БЖЗҚ жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-наурызына дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген адамдарда бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын салыстырып тексеруді жүзеге асырады. 

Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

16.06.2025