Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Жеке кабинетке кіру мүмкін емес, «деректер басқа салымшының деректерімен сәйкес келеді» деген қате шығады?

Егер сіздің БЖЗҚ деректер базасында тіркелген ұялы телефон нөміріңіз/ электрондық пошта мекенжайыңыз БЖЗҚ АЖ-да шоты бар басқа адамның ұялы телефон нөмірімен/электрондық пошта мекенжайымен сәйкес келсе, онда сіз қайта тіркеуден өте алмайсыз.

Бұл жағдай сайтта тіркеу рәсімін жүзеге асыру үшін бір реттік парольді жіберу кезінде жинақтар, шартты зейнетақы шоты және нысаналы талаптар сомасы туралы ақпараттың құпиялығын сақтау бөлігінде БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға кедергі келтіреді.

Баяндалғанның негізінде зейнетақы жинақтары, шартты зейнетақы шоты және нысаналы талаптар сомасы туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау мақсатында қосымша деректемелерге өзгерістер енгізу үшін БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесіне жеке басын куәландыратын құжатпен жеке жүгінуді ұсынамыз.

Бұдан басқа, сіз жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе QR-код арқылы (егер сізде EGOV Mobile қосымшасы болса) кіре аласыз. Аталған әдістердің бірін қолдану арқылы жеке кабинетке кіріп, сіз ұялы телефон нөміріне/электрондық пошта мекенжайына түзету енгізе аласыз.

16.09.2025
ҚР бейрезиденті үзінді көшірмені қалай алуына болады?

ҚР Әлеуметтік кодексінің 40-бабының 1-тармағының 1-тармақшасының ережелерімен МЗЖ салымшыларының, өздері үшінЖМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылардың БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінің 55-бабында және 262-бабының 5-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрату күніне өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы төлемей алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге құқығы бар екені белгіленген.

Бұл ретте Зейнетақы қағидаларының 18-тармағымен БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, атына ШЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша ШЗШ жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері:

● БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинет арқылы;

● БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ және (немесе) ШЗШ ашылған жеке тұлға жеке жүгінген кезде қолына;

● БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген мекенжайға электрондық пошта арқылы;

● пошта байланысы арқылы жүзеге асырылатыны регламенттелген. Зейнетақы жинақтарының/ШЗЖ жай-күйі туралы ақпарат алу үшін ӘРПК-нің 63-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сұрау салуды жіберу қажет.

Сұрауда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

3) жолданымның мәні;

4) жолданымның берілген күні;

5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар сұрауда сіз ақпарат алғыңыз келетін кезең; ҚР-да берілген ЖСН (бар болса); дербес деректер өзгерген жағдайда (мысалы, ТАӘ) - ескі және жаңа деректер көрсетілуі қажет. Сіз БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің электрондық поштасына немесе пошталық мекенжайына сұрау жібере аласыз.

Мекенжайлар тізімі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде қолжетімді. Жауап өтініште көрсетілген пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген мекенжайға сәйкес келген жағдайда, көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

16.06.2025
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне жүгінбеген зейнеткерлерге қатысты қандай іс-шараларды жүзеге асырады?

Зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында БЖЗҚ жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-наурызына дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген адамдарда бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын салыстырып тексеруді жүзеге асырады. 

Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

16.06.2025
Кестеге сәйкес төлемдер қалай есептеледі?

Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге). Тек 55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтарға берілетін төлемнің есебі басқаша. 

Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. 

Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі.

Түзету коэффициенттері 55 жасқа толған және олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген адамдарға қолданылмайды.

31.07.2025
Зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдерге кімдердің құқығы бар?

Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-дан бекітілген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар:

1) зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас 2028 жылға дейін);

2) егер мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар;

3) еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істеп, оның пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаты бар және осы зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатқан немесе денсаулыққа кері әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан, 55 жасқа толған азаматтарға беріледі.

16.06.2025
Маған қанша зейнетақы тағайындалды?

Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 34-тармағына сәйкес, БЖЗҚ - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

БЖЗҚ мемлекеттік зейнетақыны тағайындамайды немесе есептемейді.

Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру туралы толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұрынғы МКҚК) хабарласуыңызды сұраймыз, себебі бұл мәселе ЕНЗҚ құзыретіне жатпайды.

Сондай-ақ, Сіз 1414 телефон нөміріне қоңырау шала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

16.06.2025
Неліктен бала күтімі бойынша жәрдемақы тоқтатылды?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бұл сұрақ БЖЗҚ-ның құзыретіне жатпайтындығын хабарлаймыз.

Бұл сұрақ бойынша өзіңіз тіркеуде тұрған жердегі Мемлекеттік корпорация қоғамына баруға кеңес береміз.

16.06.2025
Менің мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығым бар ма?

Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының (МЖЗ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – құқық туындау күнінде инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы және МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде анықталған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.

Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы МЗЖ, МКЗЖ нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ сақталуына кепілдік келесі адамдарға қолданылады:

1)  зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;

2)  бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;

3)  белгіленген жасқа жеткен күнге, сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең үшін;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға - БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары алынған күнге;

5) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға – салымшының уәкілетті оператор ашқан арнаулы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударылған күннен басталатын кезең үшін, белгіленген жасқа толған күнге.

Ақпаратты нақтылау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына толық мәліметтерді көрсете отырып сұрау салуды мына мекенжай бойынша жіберуді ұсынамыз: Қазақстан Республикасы; Алматы ы.а.; 010000; Астана қаласы, Кравцова көшесі 18.

16.06.2025
Неліктен жұмыс беруші бір соманы жібереді, ал БЖЗҚ-да басқа сома көрсетіледі?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 9-тармағына сәйкес ұсталған (есептелген) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ агенттер Мемлекеттік корпорацияға аударады. Мемлекеттік корпорация өз кезегінде БЖЗҚ-ға аударады. БЖЗҚ келіп түскен төлем тапсырмаларына сәйкес жеке зейнетақы шотындағы деректерді көрсетеді.

МЗЖ аудару кезінде қателер анықталған жағдайда МЗЖ салымшыларының, агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы №525 Қағидада   айқындалған.

Сонымен №525 Қағиданың 17-тармағына сай МЗЖ салымшысы зейнетақы төлемдерін немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде төленген МЗЖ-ның және (немесе) өсімпұлдың жекелеген сомалары жоқ екенін анықтаған кезде тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін агентке қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ-ның (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және жеке тұлғалардың жеке өзіне қатысты төлем құжаттарына қоса берілген тізімдерінен үзінді көшірмелерді өзіне беру туралы жазбаша өтініш береді.

Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 11-тармағына сай Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды 248-баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың МЗЖ төлеуін қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын қосымша хабарлаймыз.

Осы баяндалғанның негізінде агентке, яғни жұмыс берушіге немесе ұйымның тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге кеңес береміз.

16.06.2025
Төлемдер қайтарылған жағдайда не істеу керек?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 9-тармағына сәйкес ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) агенттер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға аударады. Мемлекеттік корпорация өз кезегінде БЖЗҚ-ға аударады.

Қате аударылған МЗЖ қайтаруды жүзеге асыру тәртібі №525 Қағидада  айқындалған.

Сонымен №525 Қағиданың 12, 20, 22, 23-тармақтарына сай Мемлекеттік корпорация үш жұмыс күні ішінде деректемелерінде қате жіберілген салымшы үшін қайтару себебін көрсете отырып, МЗЖ-ны агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады.

Агент МЗЖ және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе МЗЖ салымшысының қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайларда қателерді МЗЖ-ның және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.

МЗЖ және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент №525 Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке №525 Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.

Қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттерден алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұған дейін қайтару жүзеге асырылмағанын тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген МЗЖ-ның және (немесе) өсiмпұлдың сомаларын қайтаруға электрондық түрде өтінім қалыптастырады.

Электрондық түрдегі өтінімде МЗЖ салымшысының деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, МЗЖ-ның және (немесе) өсімпұлдың қайтарылатын сомалары, қайтару себебі  көрсетіледі. Электрондық түрдегі өтінім БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан МЗЖ-ның және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді алған соң, қайтаруды жүзеге асырады.

Осылайша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның өтінімдерін орындаушы ретінде әрекет етеді және қате есептелген МЗЖ-ның және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.

Осы баяндалғанмен байланысты, қайтару себептерін нақтылау мақсатында Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге кеңес береміз.

16.06.2025
Менің жарналарым неге аз?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 9-тармағына сәйкес агенттер ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (Мемлекеттік корпорация) аударады. Мемлекеттік корпорация өз кезегінде БЖЗҚ-ға аударады. Өз кезегінде БЖЗҚ келіп түскен төлем тапсырмаларына сай салымшылардың жеке зейнетақы шотында деректерді көрсетеді.

МЗЖ аудару кезінде қателер анықталған жағдайда МЗЖ салымшыларының, агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы №525 Қағидада  айқындалған. №525 Қағиданың 17-тармағына сай МЗЖ салымшысы зейнетақы төлемдерін немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде төленген МЗЖ-ның және (немесе) өсімпұлдың жекелеген сомалары жоқ екенін анықтаған кезде тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін агентке қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ-ның (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және жеке тұлғалардың жеке өзіне қатысты төлем құжаттарына қоса берілген тізімдерінен үзінді көшірмелерді өзіне беру туралы жазбаша өтініш береді.

Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 11-тармағына сай Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды 248-баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың МЗЖ төлеуін қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын қосымша хабарлаймыз.
Осы баяндалғанның негізінде агентке, яғни жұмыс берушіге немесе ұйымның тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге кеңес береміз. 

16.06.2025
Жеке зейнетақы шотын дербес толтыруға бола ма?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) агенттер Әлеуметтік кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс.

Әлеуметтік кодекстің 1-бабы 1-тармағының 119) тармақшасына сай МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ЕЗЖ есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.

Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 4-тармағына сәйкес БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуді:

1) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар, өз пайдасына;

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады. МЗЖ-ның ұсталған (есептелген) зейнетақы жарналарын агенттер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (Мемлекеттік корпорация) аударады. Мемлекеттік корпорация өз кезегінде БЖЗҚ-ға аударады.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотын ЕЗЖ есебінен дербес толықтыруға болады. Әлеуметтік кодекстің 1-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сай ЕЗЖ – ЕЗЖ салымшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына БЖЗҚ-ға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы. 

16.06.2025
БЖЗҚ-ның жыл сайынғы міндетті хабарландыру қалай жүзеге асырылады?

Қазақстан Республикасының заңнамасында жыл сайынғы ақпараттандыруды жүргізу қажеттілігі туралы талаптар жоқ.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 35-бабының 2-тармағына сәйкес БЖЗҚ өз атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға осы Кодекстің 55-бабында көзделген ережелерді ескере отырып:

оның ішінде осы Кодекстің 262-бабы 5-тармағының ережелерін ескере отырып, оның сұрау салуы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы;

міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді сомасы туралы;

міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарының инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпаратты ақы алмай беруге міндетті.

БЖЗҚ-ның көрсетілген зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.

Сонымен, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы «08» тамыздағы №2 хаттамасымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі –Зейнетақы қағидалары) 18-тармағына сәйкес Зейнетақы қағидаларының 18-тармағына сәйкес БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, атына ШЗШ ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша ШЗШ жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері:

1)   БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинет арқылы;

2)   БЖЗҚ-ға атына ЖЗШ және (немесе) ШЗШ ашылған жеке тұлға жеке жүгінген кезде қолына;

3)   БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген мекенжайға электрондық пошта арқылы;

4)   пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, шоттардан үзінді көшірмелер БЖЗҚ интернет-ресурстарының жеке кабинеті және «электрондық үкімет» (сайтта және мобильді қосымшада) арқылы 24/7 түзімде қолжетімді.

16.06.2025
БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылғанға дейінгі барлық кезеңге үзінді көшірмені қалай алуға болады?

БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашқанға дейінгі кезеңге қалыптастырылған шоттан (шоттардан) үзінді көшірме ҚР ҰБ 24.09.2013 ж. № 356 қаулысымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу кестесі (Кесте) аясында БЖЗҚ-ға жабылған ЖЗШ бойынша мәліметтерді берген «соңғы» жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) ұсынған зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қамтиды. 

Қажет болған жағдайда БЖЗҚ Кесте аясында ЖЗҚ-дан алынған жабық ЖЗШ-дан ақпарат бере алады. Ол үшін сұралған ақпарат пен қалыптастырылатын кезеңді көрсете отырып, enpf@enpf.kz электрондық пошта арқылы жазбаша сұрау салуды не тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуді ұсынамыз.

Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылатын болады.

Егер Сіз зейнетақы жарналары бойынша бүкіл кезеңге арналған анықтама алғыңыз келсе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (Мемлекеттік корпорация, бұрынғы – ХҚКО) жүгінуді ұсынамыз.

Мемлекеттік корпорациядан алынған айналым ведомосында барлық зейнетақы жарналары, төлем тапсырмасының нөмірі мен күні, сондай-ақ жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

Толық ақпарат алу үшін жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз. 

БЖЗҚ филиалдарының орналасқан жері, жұмыс тәртібі мен түзімі туралы өзекті ақпаратпен www.enpf.kz веб-сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде таныса аласыз.

16.06.2025
БЖЗҚ-да шоттарды біріктіруге бола ма?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 57-бабы 2-тармағына сай міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бөлек-бөлек жүргізіледі.

Сәйкесінше, жеке зейнетақы шоттарын біріктіру қолданыстағы зейнетақы заңнамасында көзделмеген.

16.06.2025
БЖЗҚ-да шот қандай жағдайларда жабылады?

БЖЗҚ-да шоттарды жабу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып:

жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) онда зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткеннен кейін жабылады;

шартты зейнетақы шоты (ШЗШ) онда қаражат болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткеннен кейін жабылады;

нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген БЖЗҚ міндеттемелері орындалған күннен бастап 1 (бір) ай өткен соң, сондай-ақ нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе толғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және ол нысаналы жинақтар төлемі құқығынан айырылған кезде жабылады.

16.06.2025
Шарттың көшірмесін қалай алуға болады?

Міндетті зейнетақы жарналарын (08.01.2019 ж. бастап), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (26.10.2021 ж. бастап), ерікті зейнетақы жарналарын (01.05.2021 ж. бастап) және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (01.01.2024 ж. бастап) есепке алу үшін БЖЗҚ-да зейнетақы шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде өтінішсіз тәртіппен жүзеге асырылады. 

БЖЗҚ-да шоттың (шоттардың) бар екенін растайтын құжатты ұсыну қажет болған жағдайда, Сіз  «Қолданыстағы шоттың (шоттардың) бар екені туралы анықтаманы»: 

- www.enpf.kz web-сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшадағы «Жеке кабинет» («Қызметтер» бөлімі, «Анықтама алу» шағын бөлімі)

- БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне  жүгіну (жеке өзі не сенім білдірілген адам/заңды өкіл арқылы) арқылы ала аласыз.

Жұмыс тәртібі мен түзімі, сондай-ақ БЖЗҚ филиалдарының орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен www.enpf.kz web-сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде танысуға болады.

16.06.2025
БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады?

Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады. 

Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі.
Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. 

Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.

Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануға болады.

Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы. 
29.05.2025
Неліктен жаңартудан кейін жеке кабинетіме кіре алмаймын?

Конфиденциалды деректерді қорғау мақсатында әзірлеуші түзімі іске қосылып тұрған кезде қосымшаға кіруге қауіпсіздік талаптарына сай тыйым салынады. Жұмысты жалғастыру үшін бұл түзімді құрылғы баптауларында өшіруді сұраймыз.

Пайдаланушылар қауіпсіздігі біздің басты басымдылығымыз болып қала береді.
Бұл мәселені шешу үшін телефон баптауларында әзірлеуші түзімін өшіру керек.

Біздің қосымша белсенді әзірлеуші түзімі, root-рұқсаты немесе модификацияланған жүйесі бар құрылғыларда жұмыс істемейді – бұл деректер қауіпсіздігі үшін қажет.

Егер сіздің баптауларыңызда әзірлеуші түзімі көрініп тұрмаса, онда төмендегілер болуы мүмкін:
• ол бұрын қосылған және жасырылған,
• арнайы микробағдарлама немесе root-рұқсат қолданылады,
• жүйе қауіпсіздіктің бейстандарт өлшемдерін анықтап отыр.

Не істеуге болады:
• Құрылғыны өшіріп, қайта іске қосыңыз.
• Баптаулардан іздеу арқылы «әзірлеуші түзімін» табуға тырысыңыз.
• Қажет кезде – зауыттық баптауларды қалпына келтіріңіз немесе микробағдарламаны ресмиге жаңартыңыз.

14.05.2025
БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметімен қайдан танысуға болады?

Әр салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінде өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/ Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланып отырады.

26.03.2025