Филиалды таңдаңыз:
Вопросы физлиц (17)
|
1. ЖЗШ-дан үзінді көшірмені е-mail-ға қалай алуға болады?
«ЖЗШ-дан үзінді көшірмені E-mail-ға алу» электрондық қызметі Сізге жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық поштаңыздың мекенжайына өз бетіңізше жіберуге мүмкіндік береді. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде электрондық құжатқа веб-сілтеме бар. Веб-сілтемені құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде алуға болады.
Сіз «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу» сервисін:
- өзіңіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы «электрондық пошта арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған кезде;
- «БЖЗҚ» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорында өзіңіз тіркеген электрондық пошта мекенжайын көрсеткен кезде пайдалана аласыз.
2. Жинақтар мен шартты зейнетақы шоттарының жай-күці туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
БЖЗҚ ақысыз:
1) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін атына жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған жеке тұлғаға:
оның сұратуы бойынша БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорында болған кезеңдегі, одан БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты;
біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ)жүзеге асыруға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты;
инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты береді;
2) атына шартты зейнетақы шоты (ШЗШ) ашылған жеке тұлғаға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) туралы ақпаратты береді;
3) нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақ шоты (НЖШ) ашылған күннен бастап нысаналы жинақтардың (НЖ) сомасы туралы мәліметтерді береді.
ЖЗШ-дағы, НЖШ-дағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, ШЗШ құпиясын құрайтын мәліметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 4-тармағында, 56-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының (Баланың құқықтары туралы заң) 7-7-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарға берілуі мүмкін.
БЖЗҚ жинақтар мен ШЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат беруге байланысты қызметті жүзеге асырған кезде дербес деректерді жинау және өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізіледі.
БЖЗҚ ұсынатын, жинақтар мен ШЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратта келесі мәліметтер (олар болған жағдайда) қамтылады:
1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жинақтар мен аударылған ЖМЗЖ сомасы туралы мәліметтер;
2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы туралы мәліметтер;
4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, шотқа есептелген МЗЖ-ның, ЖМЗЖ-ның, МКЗЖ-ның, ЕЗЖ-ның, өсімпұлдың, НЖ-ның, зейнетақы жинақтары аударымдарының, нысаналы жинақ төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінен және (немесе) БЗТ-дан ұсталған жеке табыс салығының (ЖТС) (ЖТС ұстау болған кезде) сомасы туралы мәліметтер;
5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, шотта көрсетілген өзге операциялардың сомасы туралы мәліметтер;
6) БЗТ жүзеге асыру үшін қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер;
7) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер.
Зейнетақы жинақтарының, ШЗШ құпиясы МЗЖ салымшысының, өзіне МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде МЗЖ салымшысына, өзіне МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаға, зейнетақы төлемдерін алушыға, кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.
Нысаналы жинақтардың құпиясы нысаналы жинақтарды алушыға БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ашылуы мүмкін.
Баланың құқықтары туралы заңға сәйкес БЖЗҚ нысаналы талаптардың, нысаналы жинақтардың сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынады.
БЖЗҚ-да ЖЗШ, ШЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның жинақтардың, ШЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы» және «БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасаған кезде» тәсілдерімен анықталады.
Барлық қолданыстағы ЖЗШ бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы» тәсілімен толықтырылады.
БЖЗҚ-да 01.07.2023 ж. дейін ЖЗШ ашылған жеке тұлғаларда өздері және БЖЗҚ арасында қол қойылған келісімдерде анықталған кезеңділікпен және тәсілдермен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу құқығы сақталады.
Назар аударыңыз:
БЖЗҚ:
1) шоттағы ақша қалдықтары және оның қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтыған жинақтардың құпиялығына кепілдік береді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аударылған ЖМЗЖ мөлшері және өзге де түсімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, жеке тұлғалардың атына ашылған ШЗШ құпиялығына кепілдік береді.
БЖЗҚ-да 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ЖЗШ ашылған жеке тұлғаларға БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі жағдайларда ұсынбайды (тоқтатады):
1. ақпарат беру күніндегі жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайда;
2. БЖЗҚ МО АЖ-жан және (немесе) өзге де ақпарат көздерінен келесі мәліметтерді алған жағдайда:
>> БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер;
>> шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетуі және (немесе) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы мәліметтер;
3. алдыңғы күнтізбелік жыл үшін атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаларды хабардар ету жөніндегі науқанды өткізу қорытындыларына қатысты тапсырылмаған конверттер бойынша ақпарат берілген жағдайларда;
4. «БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде» және «БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда.
3. ЖЗШ-дан үзінді көшірмені онлайн түрде қалай алуға болады?
«БЖЗҚ» -да жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы; Егер сізде ЭЦҚ немесе Жеке кабинетіңізге кіру мүмкіндігі болса, ақпаратты біздің www.enpf.kz сайтымыздың «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінен алуға болады.
4. ЖЗШ-дан үзінді көшірме кімге берілуі мүмкін?
БЖЗҚ атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұратуы бойынша БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұратылатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақысыз ұсынады.
БЖЗҚ ЖЗШ-дағы ақша қалдығы мен оның қозғалысы туралы мәліметтерді:
1) МЗЖ салымшысына, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаға;
2) зейнетақы төлемдерін алушыға;
3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға;
4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 55-бабының 4-тармағында қарастырылған адамдарға беруі мүмкін.
БЖЗҚ ұсынатын, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта келесі мәліметтер (олар бар болған жағдайда):
1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы;
4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның ЖЗШ-да көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы;
6) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы;
7) біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты сұрату бойынша – БЖЗҚ-ның және (немесе) «электрондық үкіметтің» интернет-ресурстары арқылы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ұсынады.
ЖЗШ-лары БЖЗҚ-да 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ашылған МЗЖ салымшыларының, өздеріне МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты бұрын анықталған төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен:
- БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;
- пошта байланысы қызметтері арқылы жыл сайын/кесте бойынша алу құқығы сақталады.
БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі ретінде автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның және (немесе) «электрондық үкіметтің» интернет-ресурстарының жеке кабинеті арқылы» деген тәсіл анықталады.
Бұл ретте БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу үшін қажетті құжаттар тізімімен БЖЗҚ-ның сайтында танысуға болады.
ЖЗШ-дағы ақша қалдығы мен оның қозғалысы туралы мәліметтерді қамтитын зейнетақы жинақтарының құпиясына БЖЗҚ-ның кепілдік беретініне назар аударамыз.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі жағдайларда бермейді (беруді тоқтатады):
1) ақпарат беру күніндегі жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайда;
2) БЖЗҚ МО-ның АЖ-нан және (немесе) өзге де дерек көздерінен келесі:
- БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы;
- шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетуі және (немесе) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы мәліметтер алған жағдайда;
3) МЗЖ салымшыларын, өздері үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаларды, зейнетақы төлемдерін алушыларды өткен күнтізбелік жыл үшін хабарландыру жөніндегі науқанды өткізу қорытындыларына қатысты тапсырылмаған конверттер бойынша ақпарат берілген жағдайда;
4) БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы хабарлау тәсілі таңдалған жағдайда.
1. Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 220-бабының 4-тармағына, 221-бабының 3-тармағына және 223-бабының 2-тармағына сай БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Кодекстің 242-бабының 3-тармағымен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 3692*94 = 347 048 теңге) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізетіні белгіленген.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.
Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
1) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) МО-ның АЖ-да өтініш берген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
4) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.
Бұл ретте назар аударыңыз, жерлеуге арналған біржолғы төлем зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесі БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ғана төленеді, яғни БЖЗҚ-ға пошта байланысы арқылы немесе үшінші тұлға (сенім білдірілген өкіл) арқылы жүгінген кезде өтініш орындауға қабылданбайды.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленеді;
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын мұрагерлердің алуы үшін жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) МО-ның АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұрагерлік мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) мұрагердің банктік шоты туралы мәліметтер.
Зейнетақы жинақтары мұрагердің өзінің банктік шотына ғана, оның ішінде әрекетке қабілетсіз / әрекетке қабілеті шектеулі, кәмелетке толған адам зейнетақы төлемдерінің мұрагері болған жағдайда ғана төленеді. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді.
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мұрагері немесе қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде сенім білдірілген тұлға, мұрагердің заңды өкілі болып табылған жағдайда, мұрагердің/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-ға мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырылған шетелдік паспорт ұсынылады, бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар қосылмайды;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиетхат бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса немесе олардың ешқайсысының мұраға құқығы болмаса немесе олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.
Иесіз қалған мүлік мұраның ашылу орны бойынша коммуналдық меншікке өтеді. Коммуналдық меншікке өткен иесіз мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтарын иесіз қалған мүлік деп тану туралы, заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынылады:
· заңды күшіне енген сот актісі;
· банктік шот туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алу үшін сот актісі бойынша жүгінген адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.
2. Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) егер МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен (бұдан әрі - ЕЖШ) асса, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:
уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен ЕЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.
ЕЖШ ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.
ЕЖШ жынысына қарамастан әрбір жас үшін жеке есептеледі. ЕЖШ мөлшерлерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php;
2) егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.
Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (бұдан әрі - УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы төлемдерін алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс;
3) егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;
4) егер МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе ол еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса, онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы МЗЖ салымшысының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:
- жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 қаулысына сай БЖЗҚ-дан емделуге ақы төлеу мақсатында БЗТ-ны нысаналы пайдалану бойынша УО ретінде «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Отбасы банк) айқындалды.
БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды.
Авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.
БЗТ-ны емделу ақысын төлеуге пайдалану ҚР азаматтарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №ҚР ДСМ-18 «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
БЗТ алуға құқығы бар және емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Отбасы банкіне Отбасы банкінің интернет-ресурсы арқылы БЗТ алуға өтінішпен (бұдан әрі - Өтініш) жүгіне алады.
БЖЗҚ мен Отбасы банк электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) Отбасы банкінде арнайы шот ашып, Отбасы банкінің интернет-ресурсында ЭЦҚ арқылы авторизацияланып, өзінің жеке кабинетінде өзінің ЭЦҚ-мен куәландыра отырып, емделу ақысын төлеу үшін пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсете отырып, Өтініш беруі тиіс.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЭЦҚ-мен қол қойылатын Өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, ЖТС сомасы МЗЖ сомасын шегере отырып, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістен ұсталуы тиіс, яғни БЖЗҚ-ға аударылатын МЗЖ сомасына ЖТС салынбайды, осыған байланысты ЖТС зейнетақы төлемдерінің сомасынан ғана ұсталады) өз бетінше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауы тиіс:
1) төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
не болмаса
2) кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша зейнет жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде) ұстап қалу.
Отбасы банк Өтінішті қарастырғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.
Отбасы банкінен электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын Отбасы банкіне аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) Отбасы банкінде ашылған арнайы шотына аударады.
Осылайша, азаматтардың емделу ақысын төлеу мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды Отбасы банк қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді, бұған емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының алып қоюға қолжетімді сомасы туралы БЖЗҚ-дан мәліметтерді өз бетінше, онлайн түрде алу жағдайы кірмейді.
Инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша Кодексте көзделген мемлекет кепілдігі арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуын, инвестициялық кірістің және мемлекет кепілдігінің жоғалуын, сондай-ақ ЖТС мерзімінен бұрын есептелуін болдырмау үшін МЗЖ салымшыларына (зейнетақы төлемдерін алушыларға) БЗТ-ны пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз.
Өтініш бергенге дейін МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың Отбасы банкіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.
3. Зейнеткерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы зейнетақы төлемдері қалай төленеді?
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 220-бабының 3-тармағының бесінші азат жолында көрсетілген, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын адамдар өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын мөлшерде БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) алу құқығына ие болады.
Бұл ретте жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС) сомасын ұстап қалу мен аударуды Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағына сай БЗТ сомасынан жеке тұлғаның таңдауы бойынша келесі тәсілдердің бірі арқылы БЖЗҚ жүргізеді:
1) Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен БЗТ жүзеге асырылған күннен кешіктірілмей, бір рет;
2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.
ЖТС ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлға БЖЗҚ атынан салық агентіне ұсынған, ЖТС ұстап қалу туралы өтініштің негізінде жүргізіледі.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар БЗТ алу үшін төмендегі шарттардың біріне сәйкес болса, жеткілікті екенін атап өткен жөн:
- егер алушының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асқан жағдайда;
- егер зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін (бұдан әрі - ОКАК) қамтамасыз еткен жағдайда. Бұл ретте, Әдістемеге сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін алушының ОКАК ай сайынғы зейнетақымен 40 пайызға тең болып қабылданды;
- егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда.
Сонымен қатар, егер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға бұрын БЗТ төленген болса және бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен БЗТ-дан ЖТС бойынша салық міндеттемелері болса, онда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЗТ сомасынан ЖТС сомасын ұстап қалу және аударуды Салық кодексінің 351-1 бабының 2-тармағына сәйкес БЖЗҚ жүргізетін болады.
4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?
Әлеуметтік кодекстің 212-бабының 9-тармағының ережелеріне сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
Бұл ретте қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызды қайтару №472 Қағидада анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.
№472 Қағидаға сай қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қызметкердің (әскери қызметшінің) өтініші негізінде жүзеге асырылады.
№472 Қағидаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкер (әскери қызметші) бойынша республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды, содан кейін қайтарылуы тиіс соманы көрсете отырып, тізімді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.
Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер негізінде электрондық хабарламалар қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.
БЖЗҚ қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан (бұдан әрі – ЖЗШ) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №472 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары.
5. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?
Әлеуметтік кодекстің 212-бабының 9-тармағының ережелеріне сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
Бұл ретте қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызды қайтару №472 Қағидада анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.
№472 Қағидаға сай қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қызметкердің (әскери қызметшінің) өтініші негізінде жүзеге асырылады.
№472 Қағидаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкер (әскери қызметші) бойынша республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды, содан кейін қайтарылуы тиіс соманы көрсете отырып, тізімді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.
Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер негізінде электрондық хабарламалар қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.
БЖЗҚ қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан (бұдан әрі – ЖЗШ) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №472 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары.
6. Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - БЗТ) мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асса, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:
уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.
Жеткіліктілік шегі ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.
Жеткіліктілік шегі әйелдер мен ерлер үшін бірдей болады және әрбір жас үшін есептеледі. Жеткіліктілік шегінің есептеулерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php;
2) егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.
Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.
3) егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;
4) егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса, онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс. БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:
- жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады.
БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды.
Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшада авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.
Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты «электрондық үкімет» порталында және мобильді қосымшасында тексеруге болады.
БЗТ алуға құқығы бар және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған УО-ға УО-ның интернет-ресурсы арқылы ЭЦҚ-мен қол қоя отырып, БЗТ алуға өтінішпен жүгінуі тиіс.
МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында өз өтінішінде БЗТ пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсетеді. УО МЗЖ салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) өтініштерін қарайды және мақұлдау туралы шешім қабылдайды, БЖЗҚ-дан УО-да ашылған алушылардың арнайы шоттарына БЗТ аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды, БЗТ-ның нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
БЖЗҚ мен УО электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен (https://enpf-otbasy.kz), «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен, «Altyn Bank» АҚ-мен, «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасады.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЭЦҚ-мен қол қойылатын өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналары сомасынан ЖТС алынбайды) өз бетінше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауы тиіс:
1) төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
не болмаса
2) кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен) ұстап қалу.
БЗТ алушы жұбайын (зайыбын) және (немесе) жақын туыстарын пайдаланған жағдайда, тараптар УО-ның интернет-ресурсында өздерінің жеке кабинеттерінде БЗТ-ны басқаға беру туралы келісім жасайды, ол тараптардың ЭЦҚ-сымен куәландырылады, оған некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттар қоса беріледі.
УО 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді, онда төлемге қабылданған өтініш туралы мәліметтер, оның ішінде алып қою мақсаты, ТАӘ, ТК, ЖСН, МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) айқындаған мөлшердегі БЗТ сомасы, ЖТС ұстап қалу тәсілі туралы деректер қамтылады, электрондық хабарламаға МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЭЦҚ-мен қол қойылған, ЖТС ұстап қалу туралы өтініш қоса беріледі.
УО-дан электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын УО-ға аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) арнайы шотына аударады.
Тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу (жеке тұрғын үй салу деген нысаналы мақсаты бар жер телімін сатып алуды қоса алғанда) мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынатын салымды толықтыруды қоспағанда, БЗТ сомасы ол түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) Отбасы банкінде ашылған арнаулы шотында бола алады.
Бұл жағдайда алушы Отбасы банкіне БЗТ келіп түскен күннен бастап 3 жыл ішінде БЗТ-ның нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады. Қалған УО-да БЗТ сомасы ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бола алады.
Осы мерзім ішінде МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) УО-ға нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды ұсынуы тиіс не құжаттар көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда УО БЗТ сомасын БЖЗҚ-ға қайтарады, БЖЗҚ оларды МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-на аударады.
Осылайша, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды УО қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді, бұған зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы БЖЗҚ-дан мәліметтерді өз бетінше, онлайн түрде алу жағдайы кірмейді.
Назар аударыңыз, УО-дан электрондық хабарлама келіп түскеннен кейін бұл сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруынан алынады, тиісінше оған инвестициялық кіріс есептелу тоқтатылады, содан кейін МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасы УО-ның арнайы шотына аударылады.
Бұдан бөлек, инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша Кодексте көзделген мемлекет кепілдігі арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. Сондай-ақ БЖЗҚ-дан БЗТ сомасынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес ЖТС есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.
Осыған сүйене отырып, БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуын, инвестициялық кірістің және мемлекет кепілдігінің жоғалуын, сондай-ақ ЖТС мерзімінен бұрын есептелуін болдырмау үшін МЗЖ салымшыларына (зейнетақы төлемдерін алушыларға) БЗТ-ны пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз.
Өтініш бергенге дейін зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың УО-ға уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.
1. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай аударылады?
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде келесі шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:
1) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтініші болған кезде;
2) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында жасалған кастодиандық шарт болған кезде;
3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары: МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан аспаған жағдайда.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына әрі қарай беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып анықталады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не болмаса сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспаған жағдайда;
4) ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспаған жағдайда;
5) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес сомада, Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді ескере отырып, БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына береді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда БЖЗҚ Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы емес.
Жұмыс істеп тұрған ИПБ тізімімен және олардың инвестициялық декларацияларымен БЖЗҚ-ның сайтында (www.enpf.kz) «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.
2. Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына (басқаруынан) аудару/қайтару
Өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін бір немесе бірнеше басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушыларға - ИПБ) аударуға шешім қабылдай отырып, ең алдымен www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде не болмаса https://www.enpf.kz/ru/services/Invest/ сілтемесі бойынша жұмыс істеп тұрған ИПБ тізбесімен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеп шығуға кеңес береміз.
Сондай-ақ салымшы БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде, әрі қарай «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» шағын бөлімінде не болмаса https://www.enpf.kz/ru/services/Invest/register.php сілтемесі бойынша жұмыс істеп тұрған ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен таныса алады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:
- МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан (50%) аспауы тиіс.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына одан кейін беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып анықталады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не болмаса - сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспайды.
Әрі қарай зейнетақы жинақтарын аудару үшін немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) сенімгерлік басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтінішпен (өтініш) жүгінуі тиіс, өтінішті enpf.kz сайтында Жеке кабинет арқылы не болмаса БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі келгенде бере алады.
Жеке өзі жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжатты не болмаса цифрлық құжаттар сервисі арқылы оның цифрлық (электрондық) нұсқасын көрсетіп, тиісті өтінішке қол қою қажет.
Біздің филиалдарымыздың жұмыс тәртібі мен түзімі, сондай-ақ орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен Интернеттегі www.enpf.kz web-сайтында, «Байланыстар», әрі қарай «Өңірлік желі» бөлімінде не болмаса келесі https://www.enpf.kz/ru/contacts/regionalnaya-set/index.php сілтемесі бойынша танысуға болады.
Www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру кезінде келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
1. Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен не болмаса логин мен пароль бойынша авторизациялану. Жеке кабинетке сайттың бас парақшасынан не болмаса «Электрондық сервистер» бөлімінде кіруге болады.
2. Жеке кабинеттің басты бетінде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ және (немесе) ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізу.
3. БЖЗҚ-ның сайтында Жеке кабинетте авторизациядан өткеннен кейін «Қызметтер» бөлімінде «Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру» қосымша бетіне өту.
4. Өтініштің электрондық нысанын толтырар алдында «Иә» немесе «Жоқ» деген батырмаларды басу арқылы зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды растауды талап ететін хабарлама шығады. Салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорынан автоматты түрде пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорымен салыстырылады. Егер осы мәліметтердің кез келгені (мысалы, мекенжайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.
5. «Аудару шарттары» блогында:
1) операция түрін (ИПБ таңдау не ИПБ өзгерту, не ҚР ҰБ-ға қайтару) көрсету қажет;
2) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ немесе ЕЗЖ) аударғыңыз келетін, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау;
3) ұсынылып отырған ИПБ Анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын немесе ҚР ҰБ (зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтарған жағдайда) таңдау;
4) «ИПБ өзгерту» немесе «ҚР ҰБ-ға қайтару» операциясының түрін таңдаған жағдайда аударым мөлшерін («Ішінара аудару» немесе «Қосалқы шоттағы қаражат мөлшерінде») таңдау;
5) ішінара аудару кезінде сенімгерлік басқаруға аударылуға не ҚР ҰБ-ға қайтарылуға жататын соманы көрсету;
6) ұсынылған ақпаратпен танысу және келісетінін/келіспейтінін білдіру.
6. Өтініштің барлық өрістерін толтырғаннан кейін барлық деректемелердің дұрыстығын тексеру қажет. Қажет болған жағдайда ЭЦҚ кілтімен қол қойылғанға дейін зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы өтініштің күшін жоюға болады.
7. Жеке кабинеттің Басты бетінде «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» деген шағын бөлімде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.
БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі (бар болса) Ұлттық банктің басқаруында болады.
ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары алып қоюға болатын біржолғы зейнетақы төлемдеріне жатпайды және ИПБ-ға аудару сәтінде оларға жеке табыс салығы салынбайды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ-ның инвестициялық декларациясында көзделген, Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген, рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Кодекске сәйкес ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ-ның сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқару органы бекітетін болады және жылына бір реттен жиілетпей, өзгеруі мүмкін.
Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы:
- жылына бір реттен жиілетпей, өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге;
- ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ-ның сенімгерлік басқаруына қайтару үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде) құқылы.
Салымшы зейнет жасына жеткеннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салымшының зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ-ның инвестициялық басқаруына қайтарылады.
Кодекстің 217-бабына сәйкес салымшы зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ басқаруында болған кезеңде инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған кезде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта жұмыс істейтін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланатын болады.
3. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына қалай аударуға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 225-бабының 1-тармағына сәйкес:
- міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (бұдан әрі - СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
1) зейнет жасына жеткен адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;
2) 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
1) зейнет жасына жеткен адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;
2) өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.
Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күнінде қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының (екі тұлға зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылғандардың бірі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Кодекстің 35-бабының 2-тармағының 15) тармақшасымен БЖЗҚ Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіпте МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуға міндетті екені белгіленген.
БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылған.
Бұл ретте Кодекстің 226-бабының 11-тармағына сай СҰ сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
БЖЗҚ өтініш берушіге және (немесе) алушыға немесе сенім білдірілген адамға зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішті қабылдау және орындау мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, келесі жағдайларда жазбаша нысанда дәлелді жауап жібереді:
1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) зейнетақы аннуитеті шартында және (немесе) БЖЗҚ-ның дерекқорында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (бар болса), туған күніне, ЖСН-ге сәйкес келмеген жағдайда;
3) өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не өтініш берушінің және (немесе) алушының атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайда;
4) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күнге өтініш берушінің және (немесе) алушының немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болған жағдайда;
5) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жүгінген күнге сенімхаттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда не сенімхат Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген, өтініш берушінің және (немесе) алушының атынан зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішке қол қою жөніндегі өкілеттік болмаған жағдайда (сенім білдірілген өкіл арқылы жүгінген жағдайда);
6) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын (бар болса) есепке алу үшін өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішті берген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасынан аз болған жағдайда;
7) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, өтініш берушіде және (немесе) алушыда мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігінің белгіленгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда;
8) егер өтініш беруші және (немесе) алушы қырық жасқа толған тұлға болып табылса, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күні жиынтығында 60 (алпыс) күнтізбелік айдан кем МКЗЖ төленген жағдайда.
Кодекстің 228-бабының 1-тармағына сай БЖЗҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
4. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?
Кодекстің 226-бабының 13-тармағына сай зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар оны жасаған күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының арасындағы айырмаға тең.
5. ЗЖ-ны ИПБ-ға аудару туралы өтініштің орындалу мәртебесін қай жерде қадағалауға болады?
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударуға берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ-ның веб-сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» деген бетбелгіде қадағалауға болады.
МЗЖ есептеу және аудару тәртібі туралы толық ақпаратпен Қордың www.enpf.kz сайтында танысуға болады.
1. БЖЗҚ-дан берілетін жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу бар ма?
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-дан берілетін жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатын жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу тәртібі туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары есебінен республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан артық емес көлемдегі жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі. Бұл біржолғы төлемге жеке табыс салығы салынбайды. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлеммен бірге қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді. Бұл ретте "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен 94 еселенген АЕК мөлшеріндегі сома шегінде жерлеуге арналған төлем алынып тасталатындықтан, қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасына оны төлеу кезінде жеке табыс салығының 10 пайызы стандартты мөлшерлемесі бойынша салық салынады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
1. ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің Қазақстандағы еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім береді?
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің Қазақстандағы еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім береді? Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №163, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №304 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органмен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өзара іс - қимыл реттемесіне - (бұдан әрі – Реттеме) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Реттеме Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021 ж. № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітіліп, 26.05.2023 ж. күшіне енген. Реттемеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес: 1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек өтілін растау жөніндегі Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдар – "БЖЗҚ" АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және олардың аумақтық бөлімшелері; 2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органынан Қазақстан Республикасының аумағында еңбек өтілі туралы "Сұраныс" деректемесі төмендегі кезеңде түскен кезде: - 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының құзыретті органы сұраныс жолдап отырған мүше мемлекеттің құзыретті органына ақпараттық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер негізінде "Жұмыс өтілі туралы" деректемені қоса тіркей отырып, жауап жібереді; - 1992 жылғы 13 наурыздан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының құзыретті органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде жұмыс берушіден (оның құқықтық мирасқорынан) немесе мұрағат мекемелерінен қажетті мәліметтерді, құжаттарды талап ету жөнінде іс-шаралар жүргізеді. Оларды алғаннан кейін "Жұмыс өтілі туралы" деректемені толтыру арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органына жібереді. Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім (бұдан әрі – Келісім) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және еңбекшілер мен оның отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады. Келісім ережелеріне сәйкес: - еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру шарттары мен тәртібі сияқты жағдайда зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады (3-бап); - Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жарналары жатады (1-бап); - еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін қолданылатын шарттарда жүзеге асырылады (3-бап); - Келісім шеңберінде тағайындалатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2. Түсіндіріп беруіңізді өтінемін, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатсыз еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары ҚР-да міндетті зейнетақы жарналарын қай кезеңнен бастап төлеуі тиіс?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие.
Мұнымен қоса, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында уақытша жүрген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасымен 2020 жылғы 7 желтоқсанда ратификацияланған Келісімнің нормалары қолданылады.
Келісім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, сондықтан еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде ЕАЭО елдерінен (атап айтқанда Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбекшіні тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбекшінің ай сайынғы табысының 10%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударады.
3. Қазақстан Республикасында уақытша жұмыс істейтін (тұруға ықтиярхатсыз/бейрезидент) Ресей Федерациясының азаматы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақы жарналарын еңгізуге міндетті ме?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие болады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Келісім халықаралық шарт болып табылады, оның нормалары еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында басқа ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттерге уақытша келетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, азаматтарына қолданылады.
Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбекшісінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекеттің еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен айқындалады.
Келісімнің 2-бабына сай ЕАЭО елдері еңбекшілерінің - азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады.
Осылайша Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында уақытша жүрген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары ҚР азаматтары сияқты міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен аудару арқылы өз зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті.
Бұл ретте қызметкерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматына, соның ішінде РФ азаматына) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ төлеу үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаудың қажеті жоқ, өйткені жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ деректері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен, пайдасына МЗЖ және (немесе) МКЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде автоматты түрде ашылады.Қазақстан Республикасында бұл - зейнеткерлік жасқа толған кезде, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтардағы мүгедектік белгіленген кезде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері.
Келісімнің 3-бабына сәйкес еңбекшілерге зейнетақыны тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына арналған дәл сондай шарттарда жүзеге асырылады.
Зейнетақыны ресімдеу ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырылатын болады.
1. Атына «БЖЗҚ» ақ-да шот ашылған жеке тұлғаның деректемелеріне өзгірістер және (немесе) толықтырулар енгізу
БЖЗҚ-да атына жеке зейнетақы шоты және (немесе) шартты зейнетақы шоты және (немесе) нысаналы жинақ шоты ашылған жеке тұлға (бұдан әрі - Жеке тұлға) БЖЗҚ-ға БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін өзгерістерге келесілер жатады: - БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында тіркелу, электрондық таратылымдарды алу, жинақтардың жай-күйі туралы мәліметтерді алу мақсатында БЖЗҚ-ға бұрын ұсынылған тұрғылықты жерінің мекенжайы, электрондық мекенжайы (e-mail), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі бойынша өзгерістер; - төлемдерді алушының төлемге берілген өтініште көрсетілген банк деректемелері бойынша өзгерістер. Көрсетілген деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) енгізіледі: 1) Жеке тұлға немесе оның сенім білдірілген адамы БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде; 2) Жеке тұлға немесе оның заңды өкілі пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы жүгінген кезде (электрондық пошта мекенжайын және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірін өзгерту үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда); 3) Жеке тұлға БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы жеке өтініш жасаған кезде . Сенім білдірілген адам жүгінген жағдайда қосымша нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, атына шот ашылған Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады. Құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде аталған құжаттарды ұсыну талап етілмейді. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БЖЗҚ сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ-ға қызметтер бойынша жүгінген кезде, сенім білдірушінің өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі міндетті түрде сенімхатта көрсетілуі қажет екендігі туралы хабарлайды! Әмбебап сенімхат үлгісін қараңыз!
1. Инвестициялық кіріс сомасы неге өзгереді?
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 49 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - №49 Қағида) сәйкес БЖЗҚ салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-дағы МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының есебін аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын апта сайын қайта бағалау жолымен жүзеге асырады.
БЖЗҚ шартты бірліктің құнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері және әрбір ИПБ тұрғысынан сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері бойынша жеке есептейді.
ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарын қайта бағалау нәтижесінде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы мүмкін.
Инвестициялау нәтижесінде туындайтын инвестициялық кіріс тұрақты емес шама болып табылады, яғни белгілі бір кезеңге сыйақы мөлшері нақты айқындалған банктердің депозиттік шарттарында көзделгендей, қатаң белгіленген шама болып табылмайды және көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына және валюта бағамының өзгеруіне байланысты болады.
Зейнетақы жинақтары - бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кемінде 1 (бір) жылдағы кезең үшін талдау орынды болмақ.
Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т. б.) – көрсеткіш болып табылмайды, өйткені олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты болады.
Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының өз инвестициялық кірісін enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге мүмкіндігі бар, сонымен қатар БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша және БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты алуына болады, ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
2. Инвестициялық кіріс қалай есептеледі?
Салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-на сома түскен кезде, түскен сома сомалар түскен күннің басындағы ағымдағы құн бойынша айқындалатын шартты бірліктердің баламалы санына қайта есептеледі.
ШБ - бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болатын, активтерді инвестициялау нәтижесінде олардың өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы.
Инвестициялық кіріс апта сайын салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-сына нақты түскен: жарналар, аударымдар, жарналар бойынша өсімпұл сомаларына ғана есептеледі. Зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің ағымдағы құны бойынша төлемдер, аударымдар кезінде есептелген инвестициялық кірісті қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы анықталады, содан кейін ол салымшыға (зейнетақы төлемдерін алушыға) төленеді.
1. МЗЖ қандай мерзімде аударылады?
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 9-тармағына сәйкес, ұсталған (есепке жазылған) МЗЖ, МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкімет анықтаған тәртіпте Мемлекеттік корпорацияға аударылады. МЗЖ, МКЗЖ төлеуді:
1) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын тұлғалар, қызметкерлерге төленген табыстардан, сондай-ақ мәні жұмысты орындау (қызмет көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген табыстардан - табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей жүзеге асырады;
2) жеке кәсiпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жеке кәсіпкерлерден басқа), шаруа немесе фермерлік қожалықтар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады;
3) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады;
5) сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
6) осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдар - егер Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінде өзгеше көзделмесе, кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер (Салық кодексі)» кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүзеге асырады.
МЗЖ аудару бойынша ақпаратпен Қордың сайтында (www.enpf.kz) «Қызметтер» бөлімінде танысуға болатынын қосымша хабарлаймыз.
2. БЖЗҚ-ға МЗЖ қандай мерзімде түседі?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 «МЗЖ, МКЗЖ есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу (11, 12-тармақтар) қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қаулысына сай Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, оның ішінде берешек аударылады, Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес МЗЖ аударады.
МЗЖ салымшыларының МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, МЗЖ салымшыларының МЗЖ сомасы БЖЗҚ-ға үш жұмыс күні ішінде аударылатынын хабарлаймыз.
Аударылған зейнетақы жарнасы болмаған жағдайда, ақпаратты нақтылау үшін зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге кеңес беру қажет. Сондай-ақ, 1418 телефоны бойынша қоңырау шалуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
3. Белгілі бір адамға ЖК ресімделді, бірақ бұл адам осы ЖК-де жұмыс істемейді. Сұрақ: бұл адам үшін БЖЗҚ-ға аударымдар жасау қажет пе?
МЗЖ Әлеуметтік кодексте[1], Салық кодексінде[2] және №525 Қағидада[3] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-ға төленеді.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 4-тармағының
1) тармақшасына сай МЗЖ төлеуді, ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар ӨЗ ПАЙДАСЫНА, ӨЗ БЕТІНШЕ ТӨЛЕЙДІ.
Бұл ретте ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дағы МЗЖ ҚР Әлеуметтік кодексінде анықталатын мөлшерлемелер бойынша төленуі тиіс.
МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі (ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 8-тармағы).
МЗЖ төлеуден келесі тұлғалар босатылатынына назарыңызды аударамыз:
1) зейнет жасына жеткен адамдар (ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес);
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу аталған тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 11-тармағына сай, ҚР Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
[1] Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
[2] Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексі
[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері.
4. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда МЗЖ төлеуден босатылады ма?
5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуден босатылмайды.
ҚР Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабының 3-тармағына сай:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден келесі тұлғалар босатылады:
1) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 61 жасқа толғанда (жас бойынша бұл норма 2028 жылға дейін қолданыста болады, 2028 жылдан бастап 2031 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады));
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
1. Жеке зейнетақы шоты қалай ашылады?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде ашылады.
БЖЗҚ-да жеке тұлғаның МЗЖ немесе МКЗЖ есепке алу үшін ашық жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі - ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен, агенттің БЖЗҚ-ға аударған МЗЖ немесе МКЗЖ бастапқы сомасы (ЖЗШ ашудың өтінішсіз сипаты) негізінде ашылады. ЖЗШ ашудың өтінішсіз сипаты 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап – міндетті зейнетақы жарналарына қатысты; 2021 жылғы 1 мамырдан бастап – ерікті зейнетақы жарналарына қатысты; 2021 жылғы 26 қазаннан бастап - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына қатысты қолданылады.
1. Салымшылардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі неге мен дербес деректерін жинау және өңдеу үшін келісімімді беруім керек?
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) дербес деректерін жинау және өңдеу үшін келісімдері неліктен қажет? Қазіргі кезде көптеген қызмет түрлерін алған кезде мемлекеттік және қаржылық құрылымдар пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін сұрайды. Салымшы (алушы) enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында Жеке кабинетіне кірген кезде БЖЗҚ осындай келісім беру туралы неге бір рет сұраныс жасайтынын біліп жүрейік. БЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауға міндетті. Заңға сәйкес меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ, үшінші тұлға дербес деректерді жинау мен өңдеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырады. Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында (7-бабының 1-тармағы) көзделген жағдайлар бұған жатпайды. Атап айтсақ, егер ақпаратты жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, дербес деректерді жинау және өңдеу әкімшілік құқық бұзушылық, атқарушылық іс жүргізу туралы істерді қозғап, қарайтын құқық қорғау органдарының, соттардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру үшін қажет болса, сондай-ақ, мемлекеттік органдар дербес деректерді міндетті түрде иесіздендіру шартымен статистикалық мақсаттар үшін пайдаланған кезде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар. Дербес деректер туралы заңның 1-бабына сәйкес "Дербес деректерді өңдеу" ұғымы дербес ақпаратты жинауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға бағытталған әрекеттерді білдіреді. Бұл әрекеттерді БЖЗҚ қолда бар дербес деректерді қорғау және құпиялылық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады. Сонымен бірге жекелеген зейнетақы қызметтерін ұсыну БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде сақталатын мәліметтер негізінде ғана жүзеге асырылып қоймай, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүгінуді, мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасуды талап етеді. Мысалы, өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері осындай ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі өзектілігін жоғалтқан емес. Мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылдың және ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген адамнан құжаттардың көшірмелерін және (немесе) қосымша ақпараттарды талап етпейді. Әрине, ол үшін, қажетті деректер мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, БЖЗҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жедел және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, алаяқтық деректерінің орын алуына жол бермейді. Сіздің деректеріңіз жеке немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін де ерекше атап өткіміз келеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
1. Уағыздау қызметіне өтініш беруге кімде құқығы бар?
Халықтың әлеуметтік осал топтары жергілікті жерде қызмет көрсетуге электронды өтінім беркге құқылы (мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген І және ІІ топтағы мүгедектер).
1. Бала қай кезден бастап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса бастайды және оған есепке жазу қаншалықты жиі жүргізілетін болады?
«Ұлттық қор - балаларға» (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) 2023 жылғы 16 қарашадағы № 40-VIII Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабында осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін туған қатысушылар үшін есепке жазылатын жыл сайынғы нысаналы жинақтар саны олар он сегіз жасқа толғанға дейін қалған жылдар санына тең деп белгіленген.
Осы Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтарында осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап нысаналы талаптарға құқық пайда болады.
2. Бала алған қаражатты қандай мақсаттарда жұмсай алады?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында төленеді.
Нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану жөніндегі неғұрлым егжей-тегжейлі шарттар әзірленетін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында көрсетілетін болады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақ қанша уақыт жатады?
Әлеуметтік кодекске және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақты алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
4. Нысаналы жинақты жинақтау және кейіннен оны нысаналы жинақты алушыға аудару қандай валютада жүргізіледі?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақты есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
Нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шотына есепке алу және есепке жатқызу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтау шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есепке жатқызылады.
Сондай-ақ Заңның 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылатынын назарыңызға жеткіземіз.
5. Аталған қаражатқа салық салынады ма?
Салық кодексіне нысаналы жинақ төлемдерін салық салудан босату, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына жіберу бөлігінде толықтырулар енгізілді.
6. Нысаналы жинақтарға тыйым салу, алып қою немесе оларға билік ету бойынша шектеу қою мүмкін бе?
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне (ҚР Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, ҚР Азаматтық процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚРЗ, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚРЗ, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚРЗ) қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.
Салымдар:
- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салуды;
- банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануды;
- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды;
- клиенттің (жинақты алушының) келісімінсіз ақшаны алып қоюды;
7. Бала қайтыс болған жағдайда, жинақталған қаражат бойынша қандай жағдай орын алады?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлері уәкілетті операторда банктік шот ашады.
Мүлiкке мұрагерлiк құқығы жөнiндегi мәселелер (материалдық немесе материалдық емес) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 6-бөлiмiнде реттелген.
- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуді қоса алғанда, қолсұғушылықтың кез келген түрінен қорғалған.
8. Ата-аналарға жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілдері есептеулерді egov.kz порталындағы жеке кабинетінен, сондай-ақ enpf.kz сайтынан қарай алады. Есептеулер бойынша есептер enpf.kz сайтында да орналастырылатын болады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.
9. Ұлттық қордан төлем алу үшін қандай банктерде банк шотын ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір өлшемшарттар, талаптар бар ма?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым ғана және «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру бойынша міндеттердің бекітілгені белгіленген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады.
ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімді болуы мақсатында ЖМЗЖ жарнаны кезең-кезеңімен ұлғайта отырып аударылатын болады:
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.
ЖМЗЖ-ны біртіндеп енгізу, сондай-ақ, оны салық салынатын табыстан шегеру жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдету үшін қарастырылған. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, ЖМЗЖ барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туылғандар үшін төленуі керек.
2024 жылдан бастап ЖМЗЖ енгізу қызметкер зейнетке шыққаннан кейін оның зейнетақымен қамсыздандырылу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
1. еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істейтін адамдардың арнайы әлеуметтік төлемге құқығы бар. Ол төмендегі төлемдерді қамтиды:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
2) зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі;
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;
4) БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;
2. зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істемейтін (жұмыстан босаған) адамдардың мыналарға құқығы бар:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
2) БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
1. Зейнетақы аннуитеті шарты жасалуы мүмкін?
Сақтанушының қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты (бұдан әрі - ЗАШ) сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - БСДҚ) – "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның (бұдан әрі - МКБ) қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып сақтанушы мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу жолымен жасалуы мүмкін.
Осылайша, жаңашылдықтарға сәйкес, 01.01.2024 ж. бастап сақтандыру ұйымдарымен ЗАШ жасасқан салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтінішпен жүгінбеуге болады.
Бұл ретте сақтандыру ұйымдары МКБ иесі болып табылатын бірыңғай сақтандыру дерекқорына (БСДҚ) жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді беру арқылы БЖЗҚ-мен жасалған ЗАШ бойынша деректер алмасуға міндетті болады.
Өз кезегінде МКБ БЖЗҚ-мен жасалған тиісті келісім негізінде БЖЗҚ-ға сақтандыру ұйымдарынан алынған, жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді беретін болады. Жасалған ЗАШ бойынша МКБ арқылы деректер алмасу тәртібі мен мерзімдері № 44 Қағидаларда реттелген.
БЖЗҚ № 44 Қағидаларға сәйкес МКБ-дан мәліметтер алған кезде ҚР заңнамасының талаптары сәйкес келген жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына МКБ-дан жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аударады.
Сонымен қатар, өтініш берушінің зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын ұсына отырып, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініш беру мақсатында БЖЗҚ-ға жүгіну құқығы сақталады.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың аталған өзгерістер туралы түсініктемесі Қордың You-tube арнасында жарияланған және мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=YgvNjhZB38A (қазақ тілінде)
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ж.Б. Құрмановтың аталған өзгерістер туралы түсініктемесі Қордың You-tube арнасында жарияланған және мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=jyJKlHbLvVY (орыс тілінде)