Өз зейнетақы жинақтарыңызды бір басып тексеріңіз!

01.01.2016

Келешек зейнетақының қалып­тасуын бақылау құралдарының бірі – www.enpf.kz ресми сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» қызметі. Сайттағы бұл бөлім ХҚО-дан алған электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе БЖЗҚ-да тіркелген логині мен паролі бар барлық пайдаланушы үшін қол­жетімді. Зейнетақы шотын тексеру қызметі сайт пайдаланушыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен зейнетақы шо­тындағы қаражат қозғалысы туралы деректер алуға мүм­кіндік береді. Қор салымшылары жұмыс ­берушінің зейнетақы аударымдарын Бір­ыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қалай жіберіп, түскен жарналардан қандай инвестициялық табыс алынатынын бақылай алады.

www.enpf.kz сайты арқылы хабарлау арнасын таңдасаңыз және логин мен пароліңіз болса, БЖЗҚ мамандары Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады. Ұялы қосымша екі тілде жұмыс істейді және он-лайн тү­зімінде өз зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер қарап, ең жақын филиалмен немесе байланыс орталығымен хабарласуға, сондай-ақ, БЖЗҚ туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ
http://egemen.kz/2015/12/10/10659