Қазақстандықтардың зейнетақы қоры 6 трлн теңгеге жетті

17.06.2016

Қазақстандық зейнеткерлердің зейнетақы қоры алты триллионға жетті. Бұл туралы Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Руслан Ерденаев хабарлады. Онымен қоса, инвестициялық кіріс 208 млрд теңгеге жеткен. Сондай-ақ зейнетақы қоры туралы кез келген Қазақстан азаматы республика бойынша 236 бөлімшеден ақпарат алуына мүмкіндік бар.

«Бүгінгі таңда өз салымдары туралы ақпараттарды қашықтықтан алатын салымшылардың саны 2 миллионнан асты. Ал қазірге дейін есеппен 195 мың салымшы біздің тегін ұялы үстемелерімізді жүктеу үстінде», - деді «БЖЗҚ» басқарма төрағасы Руслан Ерденаев. 

www.almaty.tv