Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 121,68%-ға жетті
28.07.2021
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) біріктірілгеннен бастап салымшылардың инвестициялық табысы шамамен 5,4 трлн теңгеге жетті.
Инвестициялық табысты Ұлттық банк қамтамасыз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша барлық зейнетақы жинағының таза инвестициялық табысының үлесі 36,3%-ды құрады.
«Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алсақ, таза инвестициялық табыс 6,2 трлн теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік 645,77%-ды көрсетті. Ал инфляция 524,09% болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 121,68%-ға жетті», – деп нақтылады қордың баспасөз қызметі.
Толығырақ: www.inbusiness.kz