Алматыда «БЖЗҚ» АҚ филиал директорларының қатысуымен жыл сайынғы семинар-жиналыс өтті

23.12.2016

2016 жылғы 22-23 желтоқсанда Алматыда «БЖЗҚ» АҚ филиал директорларының қатысуымен семинар-жиналыс өтті. Ондағы басты мақсат 2016 жылға Қор филиалдары қызметінің қорытындысын шығару жəне 2017 жылы оларды дамытудың негізгі бағыттарын анықтау болды.  

 «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дабыр Медетбеков өзінің кіріспе сөзінде өңірлік желіні – БЖЗҚ-ның өзегі, Қор алдында тұрған міндеттер мен сын-тегеуріндерді енгізудің қозғаушы күші екенін ерекше атап өтті.  

 Ол: «Өңірлік желі алдына қойылған міндеттер мен бүгінгі уақыт талаптарына сай дамуы тиіс. Біз электрондық қызметті дамытуға, қызмет көрсету арналарын кеңейтуге, қызмет көрсетудің заманауи əдісіне көшуге, салымшыларға Қормен өзара қарым-қатынас орнатудың түрлі жолдарын таңдау мүмкіндігін беруге барынша күш салып жатырмыз», - деп айтып өтті. 

БЖЗҚ халықты кеңінен қамту жəне оларды зейнетақы жүйесіне тартуды, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында зейнетақы қызметтерінің сапасын жəне қолжетімді болуын қамтамасыз етуді жалғастыра бермек. 

Бұл үшін Қор 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік желіні дамытудың жол картасын əзірледі, оның аясында Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы технологияларды жəне  жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықаралық тəжірибені пайдалана отырып, салымшылармен (алушылармен) жұмыс жасаудың жаңа тəсілдері əзірленіп, қолданысқа енгізілетін болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың қаржылық жауапкершілігін арттыруға, еліміздің тұрғындарын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, яғни бұл - зейнеттегі азаматтарымыздың тұрмыс жағдайы мен əл-ауқаты жақсарады деген сөз.  

Жол картасы аясында Қор көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін «БЖЗҚ» АҚ-ның мобильдік кеңсесін, яғни азаматтарға барып қызмет көрсететін, көп қызметті көшпелі орталықты ендіру жоспарланып отыр.   

Мобильдік кеңсе – нақты уақыт түзімінде зейнетақы қызметтерін көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, жылжымалы қызмет көрсету кеңсесіне айналған шағын автобус. Мобильдік кеңсе айтарлықтай себептерге, атап айтқанда шалғайдағы елді мекендерде өмір сүруге, физикалық тұрғыдан шектеулерге (мүгедектік, режимдік/ерекше күзетілетін нысандарда болу) байланысты «БЖЗҚ» АҚ-ның Дербес қызмет көрсету орталықтарына бару қиынға соғатын Қор тұтынушыларына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі – 2017 жыл.   

Халықтың əлеуметтік осал топтары үшін (егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші жəне екінші топтағы мүгедектер) зейнетақы қызметтерін алу қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында қосымша барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Мысалы «БЖЗҚ» АҚ-ның www.enpf.kz корпоративтік сайтында барып қызмет көрсету үшін өтінімдерді қабылдау қызметі бар. Сондай-ақ қызметтер алу үшін берілетін өтінімді байланыс орталығының 1418 телефоны арқылы тіркеуге болады. Өтінім бергеннен кейін Қор қызметкерлері салымшымен хабарласып, қызметті алуға қажетті құжаттар тізбесін ұсынады жəне Қор қызметкерлері баруы үшін салымшыларға ыңғайлы уақытты келіседі. 

Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен өз құқықтары жəне міндеттері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған электрондық қызметтерді жақсарту шеңберінде интерактивті ақпарттық дүңгіршектерді ендіру жоспарлануда. Дүңгіршектер арқылы БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңсесіне келуші азаматтардың кез-келгені негізгі электрондық қызметтермен танысып, интенет үзінді-көшірмені басып шығара алады немесе өзінің электрондық поштасына жібереді, сондай-ақ өзін қызықтырған сұрақтарға да жауап алады. Оған қоса ақпараттық дүңгіршектер арқылы өзінің болашақ зейнетақысын басқару мен мөлшерін ұлғайту туралы пайдалы кеңестер де алатын болады. Дүңгіршек интерфейсі мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде қызмет көрсетеді.