Семей қаласында «2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа БЖЗҚ қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

17.08.2016

2016 жылғы 17 тамызда Семей қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Семей қаласындағы өңірлік филиалдың ұйымдастыруымен «2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа БЖЗҚ қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға барлық өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жергілікті телевизия қатысты. «Қазақстан-Семей» және «ТВК-6» жергілікті телеарналардан кеше және бүгін баспасөз конференциясынан бейнерепортаж көрсетілді. БАҚ өкілдері зейнетақы жүйесін реформалау бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.