Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары ТТЖ-ге кетуге байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеуге өзгерістер енгізілді
18.02.2016
Қазақстан Республикасының 02.08.2015 жылғы № 342-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілген түзетулерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31 және 32-баптарына сәйкес 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға (ТТЖ) кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары ТТЖ-ге кететін, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұруға шетелдіктің ықтиярхатын өткізген, бірақ әлі Заңда белгіленген ережелерге сай Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың «БЖЗҚ» АҚ-дан МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын алуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға шетелдіктің ықтиярхаты және азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар тиісінше Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады.
Осыған орай, аталған тұлғалар санаты беретін төлемге өтініштерді, оның ішінде шетелдік төлқұжаттар негізінде БЖЗҚ-ның орындауға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013ж. №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциясына сай ТТЖ-ге кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары ТТЖ-ге кетуге байланысты төлемге құжаттар өткізген кезде БЖЗҚ бекіткен нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен қатар шетелдік төлқұжат, сондай-ақ алушының банк шоты туралы мәлімет ұсыну керек.
Қазақстан Республикасының 02.08.2015 жылғы № 342-V заңының зейнетақы төлемдері, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бланкілерінің нысандарын оңтайландыру мен өзектендіру бөлігіндегі ережелерін іске асыру мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бланкілерінің жаңа нысандары күшіне енді. Сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрағасының 18.12.2015 ж. № 492 «2016 жылғы 01 қаңтардан бастап зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы және зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштер бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен БЖЗҚ-ға пошта байланысы арқылы келіп түсетін ескі үлгідегі бланкілердегі өтініштерді 2016 жылғы 01 шілдеге дейінгі мерзімде қабылдауды қамтамасыз ету белгіленді.
БЖЗҚ-ға өткізілу тәсіліне қарай жасалған зейнетақы төлемдерін ресімдеуге қажет құжаттар тізбесінің, оның ішінде өтініштерді төлем валютасына қарай толтыру үлгілерінің http://www.enpf.kz/11464 мекенжайы бойынша БЖЗҚ корпоративтік веб-сайтына орналастырылғанын хабарлаймыз.