«БЖЗҚ» АҚ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару шараларының 2016 жылғы 18 ақпанда басталып, 2016 жылғы 10 тамызда аяқталатыны туралы хабарлайды.
23.02.2016
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті мелмекеттік органдар келіскен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №974 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ мен «ЗТМО» РМҚК әзірлеген жоспар-кестелерге сәйкес «БЖЗҚ» АҚ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару шараларының 2016 жылғы 18 ақпанда басталып, 2016 жылғы 10 тамызда аяқталатыны туралы хабарлайды.