2017 жылдың 1 қазанына қарай «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы

03.11.2017

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің табыстылығы жайында хабарлайды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2017 жылдың 9 айы ішінде салымшылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыстың мөлшері 462 млрд теңгеден асты.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде 6,68 пайызды құрады. Ал инфляция осы кезеңде 4,2 пайыз болды.

Осылайша, аталған кезеңде табыстылық инфляция деңгейінен 2,5 пайызға артып отыр.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты.