Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшылары (алушылары)!

05.01.2015

Міне 2014 жыл да аяқталып қалды, ал бұл БЖЗҚ-ның сіздерге 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарыңыз туралы жыл сайын ақпарат беруге қатысты міндетін орындайтын кез келгенін білдіреді.    

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме Сізге зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт немесе ақпарат алу тəсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісім жасасқан кезде өз еркіңізбен таңдаған тəсіл бойынша беріледі.     

Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сəйкес, салымшылар (алушылар) белгіленген тəртіп бойынша қордың ақпарат беруге қатысты міндеттемелерін орындауына əсерін тигізетін өзгерістердің барлығы туралы  БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті.   

Мұндай өзгерістерге: 

  • - егер ақпарат алудың «электрондық пошта бойынша (e–mail)» əдісін таңдаған болса, электрондық адрестің өзгеруі;  

  • - егер зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың «пошта бойынша» əдісі таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгеруі жатады.  

Егер салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзінің қоныс аударғандығы туралы хабарламаған болса, оған пошта арқылы жолданған үзінді көшірме қорға қайтып оралады. Мұндай жағдайда, зейнетақы заңнамасына сəйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді көшірме жолдамау құқығына ие болады.   

Пошталық мекенжайдың өзгергендігі туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы тегін, атын, əкесінің атын, туған күнін, жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп, жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін міндетті түрде қоса ұсына отырып хабарлай алады. Электрондық адресінің өзгергендігі туралы ақпаратты салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келгенде ғана хабарлай алады..