БЖЗҚ тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн байланыста
19.03.2015
Интернет өзінің қолжетімділігі мен үнемділігінің арқасында БЖЗҚ-мен өзара қарым-қатынастағы аса ыңғайлы тəсіл болып табылады. Ол уақытты біршама үнемдеуге, қор жұмысы мен өз зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты компьютер немесе ұялы телефон арқылы қордың www.enpf.kz сайтынан тəулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы алуға мүмкіндік береді.
2015 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 372 492 салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет арқылы алу тəсілін таңдады.
Интернет арқылы хабарландыру тəсілін таңдау үшін бір рет қордың кез келген бөлімшесіне келіп, хабарландыру тəсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімді жасасу керек. Зейнетақы жинақтары туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін, келісімді өзіңізге келіп жасау қажет.
Сондай-ақ өзіңіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалана отырып, интернет арқылы өз зейнетақы шотыңызды бақылауға болады (бұл қызмет 2014 жылғы шілдеден бастап қолжетімді бола бастады).
2014 жылғы шілдеден бастап интернет арқылы ақпарат алуды таңдаған Android, iOS (iPhone, iPad) жəне Windows Phone операциялық жүйелерінде қызмет жасайтын смартфондар мен планшеттердің иелері үшін тегін ENPF мобильді қосымшасы қызмет атқарады. Мобильді қосымша екі тілде қызмет жасайды жəне өз зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмені он-лайн режимінде көруге, жақын маңдағы филиалмен немесе СаІІ-орталықпен байланысуға, сонымен қатар БЖЗҚ туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қосымшаға кіру үшін салымшы www.enpf.kz сайтына кіретін логині мен паролін пайдалана алады.
Мобильді қосымша іске қосылған сəттен бастап 2015 жылғы 1 ақпанға дейін шамамен 31 500 жүктеу жүзеге асырылған.