Әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің 50% жарнасын аудару рәсімі аяқталды

12.08.2016

2016 жылғы 10 тамызда жоспар-кестелерде көзделген əскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды.  

Аталған шараның 2016 жылғы 18 ақпанда басталғанын еске сала кетейік. Жоспар-кестелерде белгіленген мерзімдер мен шаралар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жəне тиісті уəкілетті мемлекеттік органдармен келісілді.  

Əскери қызметшiлердің жəне əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару – аталған санаттағы азаматтарды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырудың міндетті талабы. Аталған шара олардың зейнетақы мөлшерін елеулі түрде көбейтуге мүмкіндік береді. 

Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігін пайдалану құқығы əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлеріне зейнетақы заңнамасының нормаларына сəйкес жалпы негіздер бойынша беріледі. Қандай да бір себеппен жарналарының 50 пайызы қайтарылмаған əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлері де зейнетақы төледерін осы талаптарда алады.  

Əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылды. Осы кезеңнен бастап «толық емес» көлемде еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін алатын (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет мерзімі 10 жылдан аз болған) əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшері міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасының негізінде қайта есептеледі.  

Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасын өткізу – 1998 жылғы 1 қаңтарда қызметке алғаш кіріскен əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік бюджеттен зейнетақы тағайындау талаптарының бірі.