2016 жылғы 1 шілдедегі БЖЗҚ қызметінің қорытындысы

15.07.2016

Алматы, Қазақстан, 15 шілде 2016 жыл – 2016 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 267, 21 млрд. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда инвестициялық табыс екі есеге дерлік артты. 2016 жылдың алғашқы 6 айындағы бұл көрсеткіштің 141,41 млрд. теңге болғанын еске сала кетейік.

 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) – 10,15 млн. бірлік, олардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны – шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шарттар – 403 362 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарттар – 39 071 бірлік. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,22 трлн. теңгеден асты. Барлық зейнетақы жинақтарының 98,6% басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналарының есебінен жинақтар құрап отыр.

 

Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны бойынша бірінші орында Алматы (1 775 256 ЖЗШ), екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы (1 026 266 ЖШС), үшінші орында Қарағанды облысы (815 402 ЖЗШ). Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы бойынша да Алматы (1,2 трлн. теңге) көш бастап тұр, одан кейін Астана (593,4 млрд. теңге), ал үшінші орында Қарағанды облысы (546, 2 млрд. теңге).

 

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы

– 96,60 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 10,08 млрд. теңге.

 

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қордың 236 бөлімшесінің бірінен, өзі барып ХҚО кеңсесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 2,2 миллионға жуық адам хабарлаудың электрондық тәсілін таңдаған, оның 1,9 миллионы зейнетақы шотын Қор сайты немесе Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылай алады. Жарты жыл ішінде ұялы қосымшадан жүктеп алу саны 128 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жүктеп алу 241,5 мыңға жетті.

 

Электрондық үкімет порталы арқылы «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметі іске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 шілдеге дейін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 309 мың үзінді көшірме берілген. Салыстырып көріңіз, портал арқылы берілген үзінді көшірме жыл басында 125 мың болған.

 

Электрондық хабарлау танымалдылығының бұлай артуы келешекте ол біртіндеп хабарлаудың дәстүрлі тәсілдерінің орнын басады деп топшылауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан Қор электрондық қызметтердің мүмкіндіктерін жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасауда.