Зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады

18.09.2015

БЖЗҚ салымшылардан пошталық мекенжайы немесе электрондық адресі өзгергендігі туралы хабарлауды өтінеді.

Құрметті салымшылар, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат алу үшін сіздер төмендегі әдістердің бірін пайдалана аласыз:

  1. электрондық - салымшының (алушының) электрондық мекенжайына (e-mail) хабарлама жіберу;

  2. салымшы (алушы) тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде;

  3. салымшының (алушының) пайдаланушыға берілген логині мен паролін немесе электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, интернет қызметтері (www.enpf.kz) арқылы өзі өтініш жасаған кезде;

  4. халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;

  5. пошта байланысы қызметтері арқылы (өзі көрсеткен пошталық мекенжайына).

ЖЗШ жай-күйі туралы үзінді көшірме алу тәсілін салымшылар ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге отыру кезінде өз қалауы бойынша таңдайды. Салымшы бұған дейін таңдаған ақпарат алу тәсілін қордың жақын орналасқан кеңсесіне келіп өзгерте алады.

Бұл ретте БЖЗҚ Қордың ақпарат беруге қатысты міндеттемелерін орындауына әсерін тигізетін қандай да бір өзгерістер туындаған жағдайда салымшылар ол туралы қалыптасқан тәртіп бойынша БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті екендіктерін естеріңізге салады.

Мұндай өзгерістерге:

  • егер ақпарат алудың «электрондық пошта бойынша (e–mail)» әдісін таңдаған болса, электрондық адрестің өзгеруі;

  • егер зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың «пошта бойынша» әдісі таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не ЖЗШ ашу туралы өтініште көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгеруі жатады.

Пошталық мекенжайдың өзгергендігі туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін міндетті түрде қоса ұсына отырып хабарлай алады.

Электрондық адресінің өзгергендігі туралы ақпаратты салымшы БЖЗҚ-ға өзі келгенде ғана хабарлай алады.



ЖЗШ-дан үзінді көшірмені онлайн қызметтері (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты, немесе ұялы қосымша) арқылы алу кезінде салымшыға өз шотының жай-күйі туралы өзекті мәліметтерді онлайн тәртібінде тәулігіне

24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі. Сондықтан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бұл арнасы ЖЗШ-дан үзінді көшірме алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылыққа ие.