SMS-жіберілім және e-mail хабарламаларға қатысты

28.11.2017

Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!

Осымен «БЖЗҚ» АҚ-да 2017 жылы және 2018 жылдың екінші жартысында зейнеткерлік жасқа толған/толатын салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ I, II топ мүгедектеріне (мерзімсіз уақытқа) Қазақстан Республикасының 01.01.2018ж. бастап күшіне енетін зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы нысаналы хабарландырулар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылғанын хабарлаймыз, атап айтқанда:  

1) әйелдердің зейнеткерлік жасының өсірілуі, дәлірек айтсақ:

Жылдар бойынша

Зейнеткерлік жастың біртіндеп өсірілуі

Туған күндері бойынша

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап

58 жас 6 ай

1960 жылғы 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы 30 маусымға дейін   

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап

59 жас

1960 жылғы 1 шілдеден бастап

1960 жылғы 31 желтоқсанға дейін   

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап

59 жас 6 ай

1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1961 жылғы 30 маусымға дейін   

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап

60 жас

1961 жылғы 1 шілдеден бастап

1961 жылғы 31 желтоқсанға дейін   

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап

60 жас 6 ай

1962 жылғы 1 қаңтардан бастап 1962 жылғы 30 маусымға дейін   

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап

61 жас

1962 жылғы 1 шілдеден бастап

1962 жылғы 31 желтоқсанға дейін   

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап

61 жас 6 ай

1963 жылғы 1 қаңтардан бастап 1963 жылғы 30 маусымға дейін   

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап

62 жас

1963 жылғы 1 шілдеден бастап

1963 жылғы 31 желтоқсанға дейін   

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап

62 жас 6 ай

1964 жылғы 1 қаңтардан бастап 1964 жылғы 30 маусымға дейін   

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап

63 жас

1964 жылғы 1 шілдеден бастап

1964 жылғы 31 желтоқсанға дейін   

2) «БЖЗҚ» АҚ-дан ай сайын берілетін төлемге ауысу;

3) зейнетақы жинақтары төлемін есептеу тәртібін өзгерту.

Нысаналы хабарландыру төмендегі байланыс арналары бойынша жүзеге асырылды: 

  • e-mail электрондық мекенжайлары бойынша хабарландыру ( Қосымша 1)
  • ұялы телефондарға sms-хабарламалар жіберу ( Қосымша 2).

Қосымша сауалдар туындаған жағдайда, Сізден «БЖЗҚ» АҚ-ның www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы «Өтініш жіберу» қосымшасына басып, «Кері байланыс»  немесе «Электрондық сервистер» бөлімі арқылы, сондай-ақ қала және Қазақстан ұялы операторларының телефондарынан тегін қоңырау шалуға болатын 1418 не 8 (727) 356-10-60 (Алматы қаласы бойынша тегін) телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.