Қаржы тақырыбын журналистер мен блогерлердің жазғы мектебі

02.08.2016

2016 жылдың тамыз айында АӨҚО академиясы БЖЗҚ-ның ақпараттық қолдауымен Қазақстанның БАҚ өкілдері үшін «Қаржылық журналистика бойынша жазғы мектеп» оқыту бағдарламасын өткізеді.

Бағдарламаның мақсаты: зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты көшбасшылардың қаржылық сауаттылық пікірі деңгейін арттыру.

Бағдарлама толық екі жұмыс күні: 18-19 тамызда Алматы қаласында және 25-26 тамызда Астана қаласында өтеді.

Курс шеңберінде АӨҚО Академиясының сарапшылары әзірлеген қаржы тақырыбы бойынша оқыту модульдері ұсынылады. Бағдарлама ҚР зейнетақы заңнамасы, салымшылардың еңбек және зейнетақы құқығы, халықаралық жинақтаушы жүйелерінің тәжірибесі, мемлекеттік зейнетақының (базалық және ортақ) есептері, стратегиялық жоспарлау – зейнетақы жоспары және т.б. секілді тақырыптарды ашуды қамтиды.

Оқыту курсы журналистерден келіп түсетін сұрақтарды, сондай-ақ қатысушылардың конкурстық өтінімдерін ескере отырып жасалды. Бағдарламаға қатысушыларға #mypensionkz бірыңғай хэштегімен Facebook, VK немесе Instagram (таңдау бойынша) секілді әлеуметтік медиада «Неліктен зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгім келеді» пікірлерін жазу және жариялау ұсынылған болатын.

Мектептің бас тренері – «Үздік қаржыгер 2013» атағын алған, Қазақстанның қаржы жүйесінде 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар сарапшы-практик - Светлана Хайруллина.

Өңірлік БАҚ өкілдері үшін жол жүру және тұру шығындарын өтейтін 4 грант қарастырылған. Гранттар конкурстың үздік қатысушыларына бөлінеді.

Конкурстық өтінімдер 2016 жылдың 11 тамызына дейін (сағат 12:00-ге дейін) қабылданады.

2016 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша конкурсқа Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда қалаларынан 30-дан астам журналистер мен блогерлер қатысты.

2016 жылдың 15 тамызында сараптау комитеті конкурстың қорытындысын шығарады және ұйымдастырушылардың ресми сайттарында жариялайды.

Ольга Кузнецова, АӨҚО Академиясының ректоры: «Біз зейнетақы тақырыбы бойынша курсты журналистерге зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында енгіздік. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның зейнетақы жүйесі көшбасшылар пікірі тарапынан талдау мен түсінуді қажет ететін бірқатар өзгерістерге ұшырады. Біз курсымыздың БАҚ-та бүкіл қоғамға арналған жарияланымдар түрінде де орын алады деп үміттенеміз. ».

Руслан Ерденаев, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы: «Біз бұл жобаны қуана отырып қолдадық. Өз тарапымыздан жинақтаушы зейнетақы жүйесі, заңнамалық өзгерістер және жалпы Қордың жұмысы туралы барынша толық ақпаратты беруге мүдделіміз».

Курсты тәмамдағаннан кейін қатысушылар қаржылық журналистика бағдарламасы бойынша АӨҚО Академиясында оқудан өткендігі туралы сертификаттар алады.

Толық ақпарат алу үшін жоба менеджері Зарина Абденоваға + 7 707 127 721 0 телефоны арқылы немесе z.abdenova@mail.rue-mail арқылы хабарласа аласыздар.