БЖЗҚ сайты жаңа форматта
01.02.2016
2016 жылғы 1 ақпанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz ресми интернет-сайты жаңа форматта www.enpf24.kz жұмыс істейді. Қор мамандары əзірлеушілермен бірлесе отырып, өз күштерімен сайтты түрлі жастағы пайдаланушылар үшін барынша атқарымды жəне көрнекті етіп жасауға тырысып бақты.
«Бұрынғы сайттағы ақпаратты сақтай отырып, өз салымшыларымыз үшін БЖЗҚ корпоративтік стиліне сай келетін көрнекті дизайн ғана емес, Қордың барлық қызметі бойынша анағұрлым түсінікті бағыт сілтегіш жасадық. Біз сайтты клиенттердің қажеттілігі негізінде ыңғайлы қызметтер жасай отырып құрылымдадық. Іске қосқан соң да порталды жақсарту жолында белсене жұмыс істеу жалғасын табады. Атап айқанда, жаз аяғына қарай жаңартылған «Жеке кабинет» пен жетілдірілген зейнетақы калькуляторы болады. Мұның барлығының салымшыларымызға қызмет көрсету деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз», - дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Дабыр Медетбеков.
Жаңа сайттың бағыт сілтегіш мəзірі негізгі бес бөлімнен тұрады: «Қор туралы», «Зейнетақы жүйесі туралы», «Қызметтер», «Электрондық қызметтер» жəне «Байланыстар». Сайттың əр блогы Қор салымшыларына арналған ұсыныстармен, Қор туралы ресми деректермен ғана емес, зейнетақы реформасы туралы мəліметтерді жəне Қазақстан зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ дамуының тарихи аспектілерін көрсететін өзекті ақпаратпен толтырылды. Филиалдар орналасқан қалалардың барлығындағы филиалдардың интерактивтік картасы сияқты салымшылар сұранысына ие қызметтер пайда болды. Басты бетте БЖЗҚ қызметтеріне арналған бөлімдер көзге көрнекті етіп белгіленген, онда кірген əрбір адам зейнетақы жүйесі туралы барынша толық ақпарат алып, қажет құжаттарды жүктеп ала алады.
Сонымен қатар сайттың жаңа нұсқасы «Онлайн-консультант» қызметімен ерекшеленеді, онда кез келген салымшы Байланыс орталығының маманына зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты сұрақтар қоя алады. Сайттың заманауи графикасы мен түсінікті пайдаланушылық интерфейсі біздің салымшылар мен əлеуетті салымшыларға қолжетімді əрі ыңғайлы нысанда қажет ақпарат алуға мүмкіндік береді.
www.enpf сайтын жақсарту жұмысы жалғасуда. Тілектеріңіздің барлығын мына жерде (белсенді сілтеме) қалдыра аласыз. Біз салымшылармен БЖЗҚ онлайн сұхбатын тартымды, түсінікті əрі ыңғайлы ету үшін ескертудің барлығын міндетті түрде ескереміз.