Жеке зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірменің түрлері туралы
28.04.2020
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы бірнеше тәсіл арқылы білуге болатынын естеріңізге салады, атап айтсақ: Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген ЖСН мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы «Жеке кабинетте». Жүйеде авторланып алғаннан кейін Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.