2016 жылы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері және оларды алу тәртібі

22.01.2016

2016 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 342-V заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі өзгерді.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалар:

- 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда);

- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер.

Зейнетақы төлемдерін алушы жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанда МЗЖ және МКЗЖ есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу үшін БЖЗҚ-ның жақын кеңсесіне барып өтініш жасауға тиіс. Оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтер болу керек. Сонымен қатар, алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген адам не пошта байланысы арқылы да бере алады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар берілгеннен кейін, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Төлемдер кезеңділігін алушының өзі белгілейді, мысалы: жылына бір рет, тоқсан сайын бір рет не ай сайын.

МЗЖ және МКЗЖ есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы

Қағидаларға1 сәйкес есептеледі және мынадай шамадан:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен тұрады (2016-2018 жылдарға арналған

«Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төменгі зейнетақы мөлшері 2016 жылы 25 824 теңгеге ұлғайды) және 774 720 теңге (30*25 824) болады;

2) зейнетақы жинақтары сомасының Әдістемеге1 сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан тұрады. Алушының зейнетақы жинақтарының сомасы 8,5 млн.теңге не одан артық болғанда осылай есептеледі.

Алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда,сол барлық соманы ала алады.

Егер төлем жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса, осы қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.

БЖЗҚ Қағидалардың ережелерін есепке ала отырып, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше қайта есептейді.

Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

БЖЗҚ алушының өтініште көрсеткен банк шотына:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде/банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезінде – тек ұлттық валютамен;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аудару кезінде – АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублімен зейнетақы төлемдерін аударады.