«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға арналған Байқау қорытындысы туралы

04.10.2018

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы жəне даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға арналған Байқаудың аяқталғандығын хабарлайды. 
1 қазанда Байқау қорытындысын шығару жəне жеңімпаздарды анықтау бойынша Байқау комиссиясының отырысы өтті. Қазылар алқасының құрамына Қор бөлімшелері жетекшілерінен басқа БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері – Алексей Байтеев пен Жұмагүл Тəжібекова енді.    
Байқау комиссиясының отырысында Байқау талаптарына жауап беретін материалдардың ғана қаралымға ұсынылғандығы айтылды. Осылайша «Мемлекеттік тілдегі үздік журналистік материал» аталымы бойынша 22 журналистік жұмыс, ал «Орыс тіліндегі үздік журналистік материал» аталымы бойынша – 11 журналистік жұмыс қаралды. Талқылау барысында Байқау комиссиясының мүшелері ұсынылған материалдардың деңгейі бойынша өз ойларымен бөлісті. Бұл ретте материалдардың Байқау тақырыбына сəйкестігі, сауаттылығы, өзектілігі жəне қоғамдық маңыздылығы, талдаулық деңгейі, шынайылығы жəне материалды ұсыну өзгешелігі секілді өлшемшарттарға ерекше көңіл бөлінді. Қазылар алқасының мүшелері олардың əрқайсысын 10 баллдық жүйе бойынша бағалады. Сөйтіп əрбір қатысушының қорытынды баллы шығарылды.   
Қазылар алқасының барлық мүшесі Бағалау парағын толтырды. Кейін баллдарды есептеу арқылы екі аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.    
«Мемлекеттік тілдегі үздік журналистік материал» аталымы бойынша мына журналистер жеңімпаз атанды: 
  • бірінші орын – Жарас Кемелжан «Қарттықтың қамы жастықтан басталады» («Jas qazaq» газеті)
  • екінші орын – Мəдина Дүйсембаева «Сараптамалық Талдау бағдарламасы» (Хабар-24 телеарнасы)
  • үшінші орын – Салтанат Досетова «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі» («Arka ajary» газеті)

«Орыс тіліндегі үздік журналистік материал» аталымы бойынша мына журналистер жеңімпаз атанды:  
  • бірінші орын – Шинкаренко Дмитрий «Пенсии по-казахстански» («Актобе Таймс»)
  • екінші орын – Жданов Кирилл «Как обеспечивается сохранность пенсионных накоплений казахстанцев» («Informburo», г.Алматы)
  • үшінші орын – Покатилов Александр «Копите свои денежки на старость», «ЕНПФ всегда открыт» («Огни Мангистау»)

Екі аталым жеңімпаз атанған журналистерге бірінші орын үшін – ноутбук, екінші орын үшін – планшет жəне үшінші орын үшін – диктофон табыс етіледі. Қалған қатысушылардың барлығы зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқаны жəне белсенді азаматтық ұстанымы үшін қазылар алқасының шешімі бойынша алғыс хаттармен атап өтіледі.  
Жеңімпаздарды салтанатты жағдайда марапаттау күні туралы қосымша хабар беріледі.