Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарына аударылды

16.02.2016

2016 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгерістер ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына және ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына аударуды көздейді.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарына бұрын сұраныс көп болмайтын, бұған ЕКЗЖ есебінен тіркелген жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) аз ғана саны дәлел (4195 ЖЗШ).

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 171 376 180 теңге.

2016 жылғы 01 қаңтардан бастап ЕКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтары:

-     Қор деректер базасындағы 111 МКЗЖ есебінен ЖЗШ-ға аударылды. Жалпы аударым сомасы – 4 568282 теңге;

-   Қорда жаңадан ашылған 4061 ЕЗЖ есебінен ЖЗШ-ға аударылды. Жалпы аударым сомасы – 166 807 898 теңге;

- зейнетақы жинақтары болмағандықтан 23 ЕКЗЖ есебінен ЖЗШ жабылды.

ЕКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары МКЗЖ есебінен немесе ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарына аударылған салымшыларға (алушыларға) жасалған аударым туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама алған салымшы (алушы) ЖЗШ-дан жасалған аударым туралы ақпараты бар үзінді көшірме алу үшін Қор филиалына бара алады. Салымшының (алушының) Заңда көзделген МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдеріне құқығы болса, ол зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бере алады.