№1 бөлімшенің көшуі

14.09.2017

Құрметті, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы салымшылары мен алушылары! 2017 жылғы 15-16 қыркүйекте Астана қалалық филиалы операциялық бөлімінің №1-ші бөлімшесі Қонаев көшесі, 14 үй мекенжайынан Тұран даңғылы, 18 мекенжайында орналасқан «Тұран 18» бизнес-орталығына көшеді.

Осыған байланысты №1 бөлімше өз жұмысын жаңа мекенжайда 2017 жылдың 18 қыркүйегінен бастайды. Бұл ретте бөлімшенің жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Дүйсенбі-Жұма 08:00-19:00, Сенбі 09:00-13:00.

15 қыркүйекте бөлімше өзінің ағымдағы мекенжайы (Қонаев көшесі, 14) бойынша қызмет көрсетеді, ал 16 қыркүйекте, яғни сенбі күні жоспарлы түрде көшуіне байланысты жұмыс істемейді.