БЖЗҚ бөлімшелері 2017 жылғы 30-31 желтоқсан күндері жұмыс істейтін болады

29.12.2017

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.