2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлері толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауысты.
08.01.2016
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап əлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджеттен зейнетақымен қамсыздандырылатын болады.
Аталған шара еңбек сіңірген жылдары 1998 жылға дейін кемінде 10 жыл болған əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатында қабылданып отыр. Бұрын олар бюджеттен толық көлемде зейнетақы алмаған. Бұл орайда олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына мемлекеттік бюджет есебінен қызметкер табысының 20% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған (табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылатын БЖЗҚ-ның басқа салымшыларын қоспағанда).
Енді 1998 жылғы 1 қаңтарда еңбек сіңірген жылдары 10 жылдан аз қызметкерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері қайта есептелетін болады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін бұрын алынған табысқа салыстырылған толық көлемге дейін ұлғайту көзделген.
Əскери қызметшілердің зейнетақыларын қайта есептеу үшін қойылатын талап – бұрын бюджеттен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50%-ын республикалық бюджетке қайтару.
Бұрын бюджеттен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50%-ын республикалық бюджетке қайтару үшін əскери қызметші зейнетақы жарналарын аударған тиісті уəкілетті мемлекеттік органға жазбаша өтініш беру керек. Өтінішке жеке басты куəландыратын құжаттың көшірмесі жəне аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы қоса беріледі.
Зейнетақы жарналарының жартысы мен есептелген инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшысы болып табылатын əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің жеке зейнетақы шоттарында қалады. Əлеуетті құрылымдар қызметкерлері зейнетақы жинақтарының қалған жарты бөлігін пайдалану құқығын зейнетақы заңнамасының нормаларына сəйкес жалпы негіздер бойынша алады. Қандай да бір себептермен зейнетақы жарналары қайтарылмаған əскери қызметшілер де осы талаптармен зейнетақы төлемдерін алатын болады.
Бұған қоса, əскери қызметшілердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тоқтатылады. 2016 жылдан бастап еңбек қызметінің жалпы өтілі кемінде 25 жыл болған, оның ішінде 12 жыл 6 ай бойы үздіксіз əскери қызметте болған əскери қызметшілер еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шығады əрі республикалық бюджеттен төлем алады. Əскери қызмет үшін шекті жасқа келу, штаттардың қысқаруы немесе денсаулық жағдайы əскери қызметті тоқтатуға негіз болып табылады.