Семей қаласындағы филиал қызметкерлері «Қан тапсырып, өміріңмен бөліс» акциясына қатысты.

20.06.2016

2016 жылғы 17 маусымда Семей қаласындағы өңірлік филиал қызметкерлері Бүкіләлемдік қан доноры шеңберіндегі «Қан тапсырып, өміріңмен бөліс» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты - науқастарға, ең алдымен балаларға көмек көрсету, сондай-ақ жастар мен қала тұрғындарын қоғамда донорлықтың  қажеттілігін түсінуге шақыру. Әсіресе қызметкерлеріміздің ЖМЖА-дағы науқас азамат, Семей қаласының тұрғыны Л.М.  Атабаевқа көмек көрсете алғаны қатты қуантады. «Сенің бір тамшы қаныңның біреудің өмірін құтқаратындығын сезіну көңілге қуаныш сыйлайды», -  деді Филиал директоры  Дайрова Дариға Абайқызы.