Халықты Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарландыру тәсілдері

22.07.2015

«ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ салымшыларға жылына кемiнде бiр рет оның зейнетақы жинақтарының жай- күйi туралы ақпарат беруге міндетті.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы жыл сайынғы ақпаратты алу тәсілін салымшының өзі ЖЗШ ашу туралы өтінішке не хабарлау тәсілін таңдау туралы қосымша келісімге қол қойған кезде анықтайды. Бұл ретте салымшы төмендегі хабарлау тәсілдерінің бірін таңдай алады:

-   салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу;

-   «БЖЗҚ» АҚ-ға салымшының өзінің келуі;

-   Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу;

-   пошта арқылы (көрсетілген пошталық мекенжайға) алу.

БЖЗҚ-ның салымшыға беретін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат сұратылған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жинақтар сомасы мен есептелген инвестициялық табыс сомасы туралы; сұратылған кезеңнің соңындағы инвестициялық табыс пен зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы көлемі туралы; сұратылған кезең ішіндегі күндері көрсетілген зейнетақы жарналары, өсімпұл, аударымдар, зейнетақы жинақтарының төлемдері және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы туралы мәліметтерді қамтиды.

Салымшы өзінің ЖЗШ жай-күйі туралы толығырақ ақпарат алу үшін төменде аталған тәсілдердің кез келгенін таңдай алады:

-   «БЖЗҚ» АҚ-ға салымшының өзінің келуі;

-   Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу;

-        берілген логин мен парольді немесе ХҚО-дан алған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, қордың www.enpf.kz ресми сайты арқылы алу;

-   e-gov.kz электрондық үкімет сайты арқылы алу;

-   ұялы құрылғыларға арналған БЖЗҚ арнайы қосымшасы арқылы алу.

Салымшы үзінді көшірме жасау үшін кез келген кезеңді қоя алады (бір күннен бастап бірнеше жылға дейін).

Онлайн сервистер (БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz), электрондық үкімет (www.e-gov.kz) немесе ұялы қосымша) арқылы үзінді көшірме алу кезінде салымшыға өз шотының жай- күйі туралы өзекті деректерді аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойына онлайн түзімінде алу мүмкіндігі беріледі.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме ақысыз беріледі.