2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша таза инвестициялық табыс сомасы 393,26 млрд. теңгені құрады.

21.09.2016

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша таза инвестициялық табыс сомасы 393,26 млрд. теңгені құрады. БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі зейнетақы активтері бойынша табыстылығы 6,6%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегі құнсыздану деңгейінен (5,4%) 1,2%-ға жоғары.

Жыл басынан бері БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары 118,54 млрд. теңге мөлшеріндегі соманы құрады, бұған 12,51 млрд. теңге мөлшеріндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар кірді.