«БЖЗҚ» АҚ мамандары жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы бірегей шеберлік сабағын өткізеді

21.10.2024

Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды. 2024 жылы мұндай іс-шара онлайн-форматта 07 қараша күні орыс тілінде, ал 08 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12-30-ға дейін өтеді.

 Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Әлемдегі зейнетақы жүйелерінің түрлері мен негізгі түсініктері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. БЖЗҚ қызметі (Неліктен көптеген елдер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және аралас түріне көшуде?

- Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланатыны туралы таныстырылым)

- Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым)

- Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда. (Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар (ИПБ) туралы ақпаратты қайдан алып оқуға болады?)

- Зейнетақыны жоспарлау құралдары. (Болашақ зейнетақыны 20-30 жыл бұрын есептеп, өзгертуге бола ма?)

- Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?).

- БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай дайындауға болады? (БЖЗҚ-ға қандай сұраныстармен жүгінген жөн, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, press@enpf.kz, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы - қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері)

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді өзіңіз туралы мына мәліметтерді көрсете отырып: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін), press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.