«БЖЗҚ» АҚ мен «Tansar Capital» АҚ инвестициялық портфелін басқарушы арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды
26.03.2026
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушы «Tansar Capital» АҚ (бұдан әрі – ИПБ) арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың жасалғаны жөнінде хабарлайды.
«Tansar Capital» АҚ (бұрынғы атауы – «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуге байланысты 2022 жылғы қазанда атауы өзгерді) 1995 жылы құрылған. ИПБ инвестициялық қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензияға ие және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келеді.
БЖЗҚ мен «Tansar Capital» АҚ арасындағы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт зейнетақы активтері кастодиан-банктегі БЖЗҚ шоттарына түскен күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге әрекет етеді.
Шарттың толық мәтінімен және «Tansar Capital» АҚ-ның инвестициялық декларациясымен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.